• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысының аудандарына 2015 жылғы Жолдауды түсіндіру мақсатында ақпараттық автокеруен жолға шықты (ФОТО)

Жамбыл облысының аудандарына 2015 жылғы Жолдауды түсіндіру мақсатында ақпараттық автокеруен жолға шықты (ФОТО)

4 Желтоқсан, 2015 15:04
Тараз қаласында орталық "Достық" алаңынан облыстың 10 ауданына Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру үшін ақпараттық автокеруен аттанды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Автокеруенді шығарып салуға облыс басшылары,  мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен жетекшілері, қоғам қайраткерлері, спортшылар, сонымен қатар қала тұрғындары барлығы 3000 астам адам қатысты.

Салтанатты түрде автокеруенді Тараз қаласының орталық алаңынан шығарып салуға облыс басшылары,  мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен жетекшілері, қоғам қайраткерлері, спортшылар, сонымен қатар қала тұрғындары қатысады.

Насихат керуеніне барлығы 150-ге жуық адам тартылмақ. Олардың құрамында облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, жастар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, мәдениет саласының өнерпаздары бар. 10 ауданға аттанған арнайы топтар облысқа қарасты шалғай жатқан әрбір елді-мекен тұрғындарымен кездесулер, «дөңгелек үстел» отырыстары, қоғамдық қабылдау сияқты іс-шаралар  өткізіп,  түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Оған қоса аудандарға азық-түлік керуені де жол тартады. Атап айтқанда, 30 түрлі ауыл шаруашылық тауарлары тиелген жалпы 270 тонна азық-түлік тиелген 8 жүк көлігі арзандатылған бағамен 3 ауданға шығады. Жалпы, арнайы кестелерге сәйкес азық түлік керуені  барлық аудандарға 800 тоннаға жуық азық-түлікті арзандатылған бағамен сатады. 

Барлық жаңалықтар