- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері жаңа кораблінің алғашқы экипажы оны пайдалану бойынша оқуды аяқтады (ФОТО)
ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері жаңа кораблінің алғашқы экипажы оны пайдалану бойынша оқуды аяқтады (ФОТО)
2015 жылғы 1 қыркүйек пен 30 қараша аралығында 15 қазақстандық әскери теңізші өздеріне тиесілі кеменің қару-жарағы мен техникалық құралдарының теориялық құрамын, сонымен қатар өртке және суға батуға қарсы әрекеттерді іс жүзінде сынауды зерделеді.
Бұдан өзге, кеменің жеке құрамы құтқаруға арналған үрлемелі сал арқылы экипажды құтқаруды және алғашқы медициналық көмек көрсетуді пысықтады.
«Дәріс 2 қыркүйекте басталды. Мамандықтар бойынша оқыту үшін экипажды топтарға бөлді. Сабақта біз өз бағытымыз бойынша техникалық құралды пайдалануды үйрендік. Жалпы сабақ барысында экипаж кеменің техникалық деректерін, миналы-тральдық корабльдің құрылысы мен жабдықтарымен танысты. Жаттығу кешені бойынша өткізілген тәжірибеде суық суда құтқару құралдарын пайдалану және жеке құрамның іс-қимылы бойынша жаттығулар өтті», - деді штурмандық ұрыс бөлімнің командирі лейтенант Рамиль Бекташев.
Жаңа миналы-тральдық корабль Санкт-Петербург қаласының Нева кеме жасау зауытының мамандарымен құрастырылды. Экипаж өз кемесін бүге-шігесіне дейін білу үшін оның құрылысын өз көздерімен көрді. Кемедегі штаттан тыс түрлі оқиғаларды жоюға дайын болу үшін қазақстандық әскери теңізшілер техникалық оқу-жаттығу станциясында кемеде пайда болған өрт кезіндегі әрекеттер, кеме корпусының түрлі зақымдануы кезіндегі жинақылық пен іс-қимыл жылдамдығын пысықтады.
«Миналы-тральдық корабль – ҚР ҚК ӘТК қаруының қатарын толықтырған бірінші діңгекті тралшы. Ол жаңа қару-жарақпен және техникалық құралмен жабдықталған, оның пластик әйнектен жасалуы және магнитінің аздығы миналарды табу және жою бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде басымдығын көрсетеді. Кемеде әскери қызметті өтеу, әсіресе – біздің алғашқы экипаж құрамы болуымыз, сонымен қатар жаңа қару-жарақ мен техниканы алғаш рет пайдалануымыз үлкен мақтаныш», - деп штурмандық ұрыс бөлімнің командирі лейтенант Рамиль Бекташев ерекше атап өтті.
Қазақстан армиясының қаруы ретінде Нева кеме жасаушы зауытында жасалған «Алатау» жаңа миналы-тральдық кемесі - өндірістегі жалғыз және жаңа заманға сай жасалған кеме екенін айта кеткен жөн. Аталған корабльдің бұрынғы корабльдерден айтарлықтай ерекшелігі минамен заманауи күрес құралдарын қолдануында болып саналады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр