ЕЭК-те ЕАЭО-ның халық санағын өткізу уақытын жеделдету мақұлданды

4 Желтоқсан, 2015 18:16
Еуразиялық экономикалық комиссия отырысында Еуразиялық экономикалық кеңестің «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде 2020 жылғы халық санағын өткізу» жобасы мақұлданды.

Жобаны  ЕЭК интеграцияның негізгі бағыты мен макроэкономика коллегиясының мүшесі Татьяна Валова таныстырды, деп хабарлады ЕЭК.

«Халық санағын өткізу адамзаттық әлеуеттің саны мен сапасы жөніндегі маңызды фактор болып қалады. Халық санағын өткізу статистиканың көптеген бөлігімен байланысты. Ол әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді салыстыруда да қолданылады», - деді ол.

Санақтың нәтижесі халық құрылымы мен шоғырлануы бойынша нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ЕАЭО елдерінде халық санағы 10 жылда бір рет өткізіледі.

Отырысқа қатысушылар ЕЭК Кеңесінің 2020 жылы Еуразиялық экономикалық одағы (ЕЭО) елдерінде халық санағын өткізуге дайындық жасау бойынша Комиссияның іс-шаралар Жоспарын әзірлеу жөніндегі Шешім жобасын мақұлдады.

Жоспар статистика саласындағы Тараптардың уәкілетті органдарының әдістемелік және ақпараттық өзара әрекеттестігін үйлестіру мақсатында қалыптастырылды. Бұл ретте ЕЭК қатысушы елдері Үкіметтерінің халық санағын жүргізу жөніндегі қызметтерін алмастыратын болмайды: нақты өткізілетін күндер мен бағдарламалар нақтыланып, ұлттық халық санағын өткізу туралы шешімдерді ұлттық Үкіметтерімен қабылданатын болады.

Өз кезегінде, халық санағының құжаттары мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органдармен бекітілетін болады, яғни ол халық санағы жөніндегі ұлттық заңнамаларға толық сәйкес келеді.

 

Барлық жаңалықтар