• Басты
  • Жаңалықтар
  • Монополияға қарсы комитет бірінші қажеттіліктегі тауар бағасының көтерілуне байланысты 75 тексеру жұмысын жүргізді

Монополияға қарсы комитет бірінші қажеттіліктегі тауар бағасының көтерілуне байланысты 75 тексеру жұмысын жүргізді

4 Желтоқсан, 2015 11:21
Монополияға қарсы комитет бірінші қажеттіліктегі тауар бағасының көтерілуне байланысты 75 тексеру жүргізді, деді ОКҚ-да ҰЭМ ТМРБК төрағасы Серік Жұманғарин.

«Әлеуметтік маңызды тауарларға бағаны көтермеу бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Монополияға қарсы әсер ету аясында ЖЖМ мен дәрілік аппаратарға бағаның өсуіне байланысты 75 тергеу жұмысы жүргізілді. Оның ішінде: 23 – ЖжМ бойынша 186 субъекті, 48 – өндірістік тауарлар бойынша, 170 нарық субъектісі мен 18 – дәрілік нарықтағы жағдайды жүзеге асыру бойынша жүргізілді», - деді С.Жұманғарин.

Комитет басшысчының айтуынша, тергеу, тексеру қорытындылары бойынша Алматы және Павлодар облыстарында қант пен құс еті нарығында баға негізсіз өскен, ол бойынша әкімшілікжауапкершілікке тартылды, 3 млн теңге өтелді.

С.Жұманғарин атап өткендей, 2015 жылдың 13 қарашасында «ҚМГ өнімдері», «Гелиос» және «Sinooil» компаниялары бойынша тексеріс аяқталды, айыппұл көлемі 220 млн теңгені құрады.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар