• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық тауар өндірушілерімен 1,4 трлн теңгеге 928 меморандум жасалды - Б.Сағынтаев

Қазақстандық тауар өндірушілерімен 1,4 трлн теңгеге 928 меморандум жасалды - Б.Сағынтаев

4 Желтоқсан, 2015 11:12
Жыл басынан бері жүйе құраушы кәсіпорындар отандық тауар өндірушілермен 1,4 трлн теңгеге 928 меморандум жасасты, деп мәлімдеді бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев тауар өндірушілердің бірінші форумында.

«Жыл басынан бері біз жүйе құраушы кәсіпорындарды сатып алудағы жергілікті қамтуды арттыру бойынша меморандумдар жүргізіп келеміз. Бүгінгі таңда 1,4 трлн теңгеге осындай 928 меморандум жасалды», - деді Б.Сағынтаев.

Оның айтуынша, бүгін аталған меморандумдарды орындау бойынша жұмыстың 95% орындалған. 

«Келесі жағдай: ҚР ҰКП ұсынысымен Үкіметте ведомствоаралық комиссия құрылды, ол өнеркәсіптік өнімнің заңсыз айналымы мәселелерімен айналысады. Комиссияның бірінші отырысын біз өткен аптада өткіздік, контрафактілі өнімдерді, аккумулятордарды, кабельдік өнімдерді жеткізу мәселелерін қарадық», - деп нақтылады ол. 

Сондай-ақ, Б.Сағынтаев ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің назарын сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін арттыруды бақылауды қамтамасыз етуге аударды.


«Бұл мәселенің екінші жағы:  осы келісімдерді жеңіп алып, біздің тауар өндірушілерімізді елемейтін кәсіпорындар, компаниялар. Бұл да өте маңызды. Осыған назарларыңызды аударғым келеді: бір жағынан - біз сендерге көмектесеміз, сондықтан сіздердің тараптан да кері байланыс болуы тиіс, келешекте де тек біздің отандық өнімдерді пайдаланғандарыңыз жөн», - деп баса айтты ол. 

ҚР Премьер- Министрінің орынбасары айтып өткендей, сапасы жағынан қазақстандық тауарлар шетелдік баламаларынан еш кем түспейді. 

«Бүгінгі форум аясында тапсырыс берушілер мен алушылар бірлескен жұмысты жүзеге асыра алады. Бүгінде біз өз тауар өндірушілерімізбен мақтана аламыз. Қазақстанда шетелдік тауарлар ұқсастығына қарағанда әлдеқайда сапалы өнім шығарады», - деді ол.

Сонымен қатар, Б.Сағынтаев атап өткендей, қазақстандықтар отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін менталитет пен психологияны өзгертуі қажет.

«Бізге әкелетіннің барлығын жақсы деп айтуға болмайды. Бүгін біз өндірісте жаңа деңгейге шықтық. Көрмеде біз машина жасау, медицина, мұнай қондырғыларының өнімдерін көрдік», - деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар