Б.Сағынтаев: Қазақстандық тауарлар сапа бойынша шетелдіктен кем емес

4 Желтоқсан, 2015 11:02
Қазақстандық тауарлар сапа, дизайн бойынша шетелдіктен кем емес, деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Ұлы Дала Елі» тауар өндірушілердің форумында.

«Бүгінгі форум аясында тапсырыс берушілер мен алушылар бірлескен жұмысты жүзеге асыра алады. Бүгінде біз өз тауар өндірушілерімізбен мақтана аламыз. Қазақстанда шетелдік тауарлар ұқсастығына қарағанда әлдеқайда сапалы өнім шығарады», - деді Б.Сағынтаев.

Бірінші вице-премьер атап өткендей, қазақстандықтар  отандық тауар өндірушілерді  қолдау үшін менталитет пен психологияны өзгерту қажет.

«Бізге әкелетіннің барлығын жақсы деп айтуға болмайды. Бүгін біз өндірісте жаңа деңгейге шықтық. Көрмеде біз машина жасау, медицина, мұнай қондырғыларының өнімдерін көрдік», - деді Б.Сағынтаев.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар