• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президентінің Жолдауы қазақстандықтардың әл-аухатын арттыруға бағытталған – шетелдік сарапшы

ҚР Президентінің Жолдауы қазақстандықтардың әл-аухатын арттыруға бағытталған – шетелдік сарапшы

4 Желтоқсан, 2015 11:59
Қазақстан Орталық Азия үшін жарық жұлдызға айналды, деп мәлімдеді Еуропалық қауіпсіздік және стратегиялық зерттеулер орталығының жетекшісі, саясат ғылымдарының доктары Хатем Джаббарлы (Әзірбайжан) « Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында.

- Джаббарлы мырза, сіздің ойыңызша Қазақстан мен оның Көшбасшысының тәуелсіздік жылдарында жеткен басты жетістігі не?

- 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің жүру жолын өзі таңдады. Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаев бастаған жолды таңдады. Саяси реформалардан өте отырып мемлекет ретінде нығайды және экономикасын қатайтты. Қазақстанның уақытында мемлекеттік шекараны бекітіп алғаны дұрыс болды. Қазақстан әлем қауымдастығын мойындата алды. Осылайша Қазақстан Орталық Азияның жұлдызына айналды. Алайда Қазақстанның  беделінің кеңістігі оданда кең. Сіздердің Республикаңыз күллі әлеммен серіктестік орнатқан және оның алдында ешқандай кедергі шықпайды.  

Қазақстан көптеген халықаралық және мемлекетаралық беделді ұйымдардың мүшесі, оның ішінде БҰҰ-да бар. Оның үстіне Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы өте табысты өтті. Ағымдағы жылы бүгін БҰҰ-да қазақ Көшбасшысы саяси проблемаларды шешу, қауіпсіздікті нығайту бойынша бастама көтерді.  Осы ретте Қазақстанның басты жетістігі - ол елінде этносаралық бірлікті сақтай алды, ешқандай қақтығыстарсыз мемлекет өсіп өркендеуде. Бұл қазақстанның басты жетістіктерінің бірі. Сіздің Республикаңыз бұрынғы КСРО кеңістігіндегі ең көпұлтты мемлекет болып табылады. Барша қазақстандықтардың өзара ынтымақтастықта тұрып жатқаны өте маңызды. Бұл көптеген елдерге үлгі.

- 30 қарашада ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Сіздің аталмыш стратегиялық құжат жайлы ойыңыз қандай?

- Ия, расында да. Қазақстан Республикасының Президенті 2015 жылы 30 қарашада халқына Жолдауын жолдады. Бұл «Қазақстан-2050» стратегиясын одан ары жүзеге асыруда маңызды қадам болмақ. Бүгінде біз нақты геосаяси өзгерістерді көріп отырмыз.  Айта кетерлік жайт, Қазақстан барлық қиындықтарға төтеп беруге дайын.  Ол үшін Президент Н.Назарбаев кешенді доктринаны жасақтап жүзеге асыруды ұсынды. Енді Қазақстан барлық жаһандық қауіпке сенімді тойтарыс бере алады. Бұл сіздердің Көшбасшыларыңыздың еңбегі. Жалпы, ағымдағы жылғы Жолдау «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудың Жол картасы болып табылады. Сонымен қатар аталмыш Жолдаудың экономикалық аспектісі өте қызықты. Мұнда болашақ сұрақтар тек аталып қана көрсетілмеген, сонымен қатар міндеттерде көрсетілген. Көптеген елдерде мемлекет басшылары халқына осындай жоспарлар ұсына алмайды.  

Сонымен қатар, ҚР Президентінің Жолдауының әлеуметтік құрамы таңқалдырады. Онда жалақыны айтарлықтай көтеру, әлеуметтік жәрдемақыларды толық көлемде сақтап қалу мәселесі көтерілген.

Президент халық шаруашылғы  - аграрлық, өндіріс пен көлік, энергетика саларында үлкен өзгерістерді ұсынып отыр.  Бұл жаңғыртудың тағы бір кезеңі емес, бұл жаңа жұмыс орындарын құруға және сақтауға арналған. Шағын және орта бизнеске үлкен көңіл бөлініп отырғаны таңқалдырады. Бұл қазіргі уақытта өте маңызды. 

- Қалай ойлайсыз Н.Назарбаевтың қарашадағы Жолдауында атап көрсеткен міндеттерді қазақстандықтардың жүзеге асыру мүмкіндігі жете ме?

- Менің ойымша жетеді. Н.Назарбаев өзінің Жолдауының басында ДСҰ-ға енгені туралы хабарлады. Дүниежүзілік сауда ұйымы қазақстандық тауар өндірушілер үшін жаңа нарықтарды ашады. Сонымен қатар, Жолдауда шетелдік капиталды тарту шаралары айтылған. Бұл қосымша Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына да әсер етеді. Оның үстіне Қазақстан да меморгандар бизнеске араласуды азайтты. Алайда бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру керек, кедендік заңнаманы жетілдіру, салықты төмендету дегендей. Бұл Қазақстанның қолынан келеді.

- Сұхбатыңызға рахмет.

Данияр Қасымов

Барлық жаңалықтар