ҚР-да үй қондырғыларымен қамту 43,6 пайызды құрады

4 Желтоқсан, 2015 10:44
ҚР-да үй қондырғыларымен қамту 43,6 пайызды құрайды, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин.

«Бүгінгі таңда қондырғыландыру мәселесі басты жұмыс болып табылады. Жылу энергия тиімділігін сақтау мақсатында арнайы механизм құрастырылды, ол жалпы үй қондырғыларының есебінен жүзеге асырылады. Аталмыш жұмыс жақын арадағы 5 жылда аяқталады деп жоспарлануда», - деді С.Жұманғарин.

Комитет төрағасының айтуынша, қазіргі таңда әртараптандырылған тарифтер елдің 11 өңірінде қолданылады.

«Бұл Астана және Алматы қалаларында, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Қызылорда, Павлодар, ОҚО облыстары. Бүгінгі таңда қондырғылармн қамту 43,6 пайызды құрайды», - деді ол.

Астанада 99,84 пайыз тұрғын үй қондырғымен жабдықталған.

Анар Тәңірқұлова

 

 

Барлық жаңалықтар