Астанада қымыз өндірісінің даму келешегі талқылануда

4 Желтоқсан, 2015 10:29
Астанада «Қымыз-2015» халықаралық форумында қымыз өндірісін, жылқы шаруашылығын, қазақтың ұлттық әдісі бойынша бие сүтін дамытудың келешегі талқылануда.

Форумның мақсаты – «Қымыз» қазақтың ұлттық өнімін насихаттау бойынша халықтық бастамаларды қолдау. Жастарды ұлттық құндылықтарды игеру, сүю, білу арқылы патриотизмге дайындау, тәрбиелеу.

«Қымыз-2015» халықаралық форумына қатысу үшін елдің мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдары шақырылды, шетелдік елдердің елшіліктері, халықаралық ұйымдар, ғылыми мекемелер, қазақ ұлттық өнімін өндірушілер шақырылды.

«Қымыз» халықаралық форумында дәстүрлі түрде жылқы шаруашылығын дамыту, қазақтың ұлттық әдісі бойынша қымызды әзірлеу, сақтау, қолдану мәселелері талқыланады.

Форум аясында қонақтар емдік  қасиеттері бар сусынды ішіп бағасын берді.

Айта кетейік, «Қымыз» халықаралық форумы 2013 жылы Таразда өткен болатын. Оның жұмысына 100 адам қатысты, оның ішінде Ресей, Түркия, Қырғызстан өкілдері бар.Екінші форум 2014 жылы Алматыда өтті. 

Барлық жаңалықтар