- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында мәдениет күндері қорытындыланды
Алматы облысында мәдениет күндері қорытындыланды
Үстіміздегі жылы бұл шарада Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Жетісудың даңқты перзенттері Сүйінбай Аронұлының 200, Қанабек Байсейітовтың 110, Нұрғиса Тілендиевтің 90, Тұманбай Молдағалиевтің 80 жылдық мерейтойлары басты тақырыптар ретінде жан-жақты кеңінен қамтылды.
Биылғы жылдың Мәдениет күндері ерекше форматта өткізілді, яғни аудан-қалалар екі топқа топтастырылып, өнер додасына түскен болатын. Міне бүгін «Жастар» спорт сарайында сол мәдени шараның қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс әкімінің арнайы марпаттарына ие болды.
Атап айтқанда, 3 орын және облыс әкімінің дипломы мен 300 мың теңге ақшалай сыйлығына ие болған Көксу және Қаратал аудандары, 2 орын және облыс әкімінің дипломы мен 500 мың теңге ақшалай сыйлығына ие болған Текелі қаласы мен Еңбекшіқазақ ауданы, 1 орын және облыс әкімінің дипломы мен 700 мың теңге ақшалай сыйлығына ие болған Қарасай және Жамбыл аудандары, екі топ бойынша Гран при жүлдесіне ие болған Кербұлақ және Талғар аудандары облыс әкімі Амандық Баталовтың қолынан су жаңа автокөліктің кілтін иеленді.
Сонымен қатар Мәдениет күндеріне белсене қатысқан аудандар да ескерусіз қалмады, ынталандыру жүлдесіне ие болған Ескелді, Алакөл, Сарқан, Ақсу, Ұйғыр, Райымбек және Іле аудандарына облыс әкімінің алғыс хаты мен 150 мың теңге, арнайы жүлдеге ие болған Панфилов, Балқаш, Қапшағай аудандары мен Талдықорған қаласына облыс әкімінің алғыс хаты мен ақшалай сыйлық табысталды.
«Жетісу – өнердің алтын бесігі, ұлы даналар мен бабалар елі. Бұл мекен – Ескелді, Балпық бидей данышпанын, Молықбайдай күйшіні, Сұраншы, Саурық, Райымбек, Қарасай, Наурызбай, Қабанбайдай батырын, сөздің пірі - Сүйінбайды, жыр алыбы Жамбылды, Әбілхандай ұлы суретшісін, Сара, Ілияс, Мұқағали, Жұматайдай жүйрік ақынын, Нұрғисадай дара ұлын, Дәнештей дүлдүл әншісін, Бердібектей наркескен жазушысын дүниеге әкелген қасиетті жер. Осындай талантты ұлылардың өнерін жалғастырып келе жатқан өнерпаздарды – қалай құрметтесек те жарасады», - деді Облыс әкімі А.Баталов өзінің құттықтау сөзінде.
Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы өз жолдауында: «Мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттемелерін шашау шығармай орындап келеді. Тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жеткіздік», - деген болатын. Сіздер арқылы халқымыздың мәдениеті мен өнері көпке танылады. Сондықтан да Сіздердің атқарып жатқан игі істеріңізге сәттілік тілеймін. Өнердің өресі биік, айдыны кең болып, еліміздің рухани байлығы сарқылмасын демекпін!
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр