- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мырзахметов партияның ақмолалық активімен Жолдау-2015 бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді
А.Мырзахметов партияның ақмолалық активімен Жолдау-2015 бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Партиялықтар халық арасындағы кең ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын бастап, жұртшылықты топтастыру және партияның өңірлердегі жұмысын барынша нығайту ісін қолға алып отыр.
Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауда халықты әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру қажеттігі бірнеше рет айтылған. Ешбір экономикалық қауіптерге қарамастан, елімізде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау жалғасады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда – 28 пайызға дейін, білім беру саласы қызметкерлерінікі – 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артады. Мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың 25 пайыздық өсімі, сондай-ақ, стипендиялар қамтамасыз етілетін болады. Жалпы он жылда әлеуметтік салаға кеткен мемлекеттік шығындар нақты көрсеткіш бойынша 3 есеге жуық өсті.
Үкіметке жаңа әлеуметтік саясат пен әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру ұсыныстарын әзірлеу жөніндегі міндеттер қойылды. Осылайша мемлекеттік атаулы көмек олардың нақты табысы мен өмір сапасын бағалау негізінде мұқтаж азаматтарға ғана көрсетілетін болады. Сондай-ақ «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жаңа жобасының басталғаны жария етілді.
Мемлекет басшысы атап өткендей, елімізде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына бақылау күшейтіліп, инвестициялық ахуалды жетілдіруге бағытталған реформалар жалғасын таппақ. Аталған бағыт бойынша Мемлекет басшысы алдағы он жылға арналған нақты міндеттерді жария етті. Атап айтсақ, жыл сайынғы 5 пайыздық экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономикаға тартылатын инвестиция көлемін 10 жылда кем дегенде 100 млрд. долларға ұлғайту, 660 мыңнан астам жұмыс орнын құру, сондай-ақ еңбек өнімділігін екі есеге арттыру міндеті қойылды. Осы орайда партияның жүмысын реттейтін 21 регламенттік құжат қабылданып, Мәжіліс мен барлық деңгейдегі мәслихаттардағы партия фракциялары жанынан бюджет пен Ұлттық қордан бөлінген қаржылардың тиімді жұмсалуын баұылау Комиссиясының Ережесі бекітілді.
«Аудан-облыс-орталық» қағидаты бойынша ай сайынғы мониторинг пен ақпарат жинау енгізілді. Бұл жұмысқа партияның барлық 242 филиалы, бастауыш партия ұйымдарының белсенді мүшелері мен мәслихат депутаттары тартылды. Мониторинг қорытындысы бойынша «Нұрлы жолды» іске асырудағы проблемалық мәселелер Үкімет басшылары және Мәжілістегі Фракция мүшелерінің қатысуымен өтетін отырыстарда қарастырылатын болды.
Бюджеттік қаржының жұмсалуына, партияның Сайлауалды тұғырнамасының орындалуы тікелей қатысы бар салалық және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына осыған ұқсас партиялық бақылау орнатылмақ. Бұл жұмыстағы ең маңыздысы барлық бағдарламалардың іске асырылуының нақты көрсеткіштерін пысықтау мен партия Төрағасының Бірінші орынбасары мен өңірлік филиал Төрағалары арасындағы бюджеттің атқарылуын орындау жөніндегі меморандумға қол қою болып табылады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру -
Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты -
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек -
Әлемдегі COVID-19: Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында