• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР қоғамының президенттік бастамалар «жасыл экономика», инновациялар мен ЭКСПО-2017 іске асырудағы қосқан үлесі

ҚР қоғамының президенттік бастамалар «жасыл экономика», инновациялар мен ЭКСПО-2017 іске асырудағы қосқан үлесі

4 Желтоқсан, 2015 09:36
ҚР Президентінің бастамаларының арөқасында Қазақстанның өзара байланысты үш жаһандық бастамаларының алаңына айналды – «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы, ЭКСПО-2017 көрмесі мен G-Global алаңы.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – қоғамның болашақ даму бағытын, тенденциялар мен әлеуетті жолдарды алдын ала болжай алатын санаулы көшбасшылардың бірі.

«Мемлекетіміздің жаңа даму нүктесін жасақталған «Жасыл экономика» тұжырымдамасына көшу анықтайды. Оны жүзеге асырудағы катализатордың бірі Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу болмақ. Оны жүзеге асырғаннан кейін біз оны Қазақстанның барлық аймақтарына технологиялар трансфертінің орталығына айналады деген үміттеміз. Біз ең үздік технологияларды тартуға тырысамыз», - деді Мемлекет басшысы.

ЭКСПО-2017-ге қосқан үлесі

«Біз бастамашылар ретінде өзіміздің жетістіктерімізді көрсете білуіміз керек. Бізде жерасты энергиясын пайдалануда тәжірибеміз бар, себебі жер ортасына жақын болған сайын ыстық болады. Сіздер шахтаға тереңдікке түстіңіздер ме? Ол жақта ауарайы әрқашан 45 градус. Осы айырмашылықтың өзін пайдалана отырып энергияны өндіруге болады. Шығыс Қазақстан университеті сәйкесінше құрылғыны ойлап тапты. Қарағандының осындай тәжірибесі бар», - деді  Н.Назарбаев.

Президент сендіргендей, одан табысқа Қазақстан сәл кешірек кенеледі. Алайда осы күннен бастап барлық жоғарғы оқу орындарындағы ғалымдар «жасыл экономика» саласында жұмыстар жүргізіп, өз жетістіктерімен бөлісуі тиіс.

 «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына қосқан үлесі

«Еуропа үшін қоршаған орта» қоршаған ортаны қорғау министрлерінің VII конференциясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгін біз конференцияда «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын қарап шығуды ұсынамыз. Ол жасыл экономикаға көшуде аймақтық механизмдердің бірі болады», - деген болатын. – Біздің бастамамыз Еуропа, Азия, Тынық мұхит елдері арасындағы серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді және аймақтық басымдыққа ие бағдарламаға айналады», - деді Елбасы.

Салтанат Рахымбекова,

Global  халықаралық хатшылығы басшысының орынбасары 

Барлық жаңалықтар