- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс төрағасы ТүркПА отырысы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді
Мәжіліс төрағасы ТүркПА отырысы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді
Әзербайжан Милли Мәжілісінің төрағасы О. Асадовпен жүздесу барысында әріптесін Әзербайжанда парламенттік сайлаудың табысты өтуімен және Парламент төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтаған Мәжіліс Спикері Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы бірлескен іс-қимылды одан әрі тереңдету маңыздылығына тоқталды.
Қ. Жақыпов пен О. Асадовтың пікірінше екі ел басшыларының сындарлы саясатының нәтижесінде қос мемлекет арасындағы өзара түсіністік пен ықпалдастық жыл сайын жоғары деңгейге көтеріліп келеді.
Тараптар біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация салаларын атады.
Мәжіліс Төрағасы Мажарстан Парламентінің вице-спикері Марта Матраимен де арнайы жүздесіп, парламентаралық ықпалдастық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыс жайын сөз етті.
Қ. Жақыпов Мажарстан Қазақстанның Шығыс Еуропадағы стратегиялық әріптесі екенін айта келіп, мажарстандық кәсіпкерлерді Қазақстанда инновациялық-индустриялық жобаларды жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырды. Осы жолда біздің еліміз тарапынан жасалып жатқан заңнамылық-құқықтық жеңілдіктерден хабардар етті.
Өз кезегінде Марта Матраи Қазақстан Мажарстанның Шығыс Азиямен қатынасы саясатындағы маңызды қатысушысы екенін айтып, оның елдер арасында қолайлы экономикалық жағдай жасау үшін айрықша рөл атқаратынын атап өтті.
Тараптар парламентаралық байланыс жайын сөз еткенде комитеттер мен достық топтар арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудің орны ерекше екеніне назар аударды.
Мәжіліс Төрағасының жылы жүздесулері Жогорку Кенеш Төрағасы Асылбек Жээнбековпен, одан әрі Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасының орынбасары Ахмет Айдынмен кездесулерге жалғасып, онда түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері сөз болды.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар