- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-нің әскери-тарихи музейі археологиялық іздестіру жұмысын бастайды (ФОТО)
ҚР ҚК-нің әскери-тарихи музейі археологиялық іздестіру жұмысын бастайды (ФОТО)
Музейде ғылыми-зерттеу қызметі, археология, материалды сақтау, консервілеу, есепке алу, зерделеумен айналысатын қызмет бар. Бұл жай ғана музей емес. Мұнда Қорғаныс министрлігінің университеттерімен, қазақстандық және шетелдік музейлермен іздестіру, ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіледі», - деді музей директоры Асқар Қасымов.
Қазір музейдің қорында шамамен 6000 жәдігер бар. Онда тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстан мен оның жауынгерлік әскерінің құрылуының әртүрлі кезеңдері мен ата-бабаларымыздың батырлығы туралы сыр шертетін мұра жатыр. Әрбір зат ерекше құндылыққа ие. Экспонаттар бірнеше залда орналасқан: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің залы, Мерзімді көрме залы, XIX ғасырдағы көне зал, XX ғасырдағы әскери тарихи зал, XX-XXI ғасырдағы қару-жарақ залы.
Бейнелеу өнері залы, сондай-ақ «Қазақстанның әскери ісінің тарихы» атриумы». «Экспонаттардың келіп түсуінің негізгі діңгегі ақысыз негізде берілген жеке коллекционерлердің топтамалары болды. Өңірлерден, облыстардан жиналған уақытша жәдігерлер де бар. Экспонаттар жан-жақтан келіп түсуде. Бірақ, бізге өзіміздің іздестіру, ғылыми жұмысымызды жүргізу маңызды», - дейді музей директоры Асқар Қасымов. Оның айтуынша, музей ұдайы негізде дамып отырады.
Болашақта мұнда кинотеатр, сондай-ақ балаларға арналған ойын-сауық таным залын ашу жоспарлануда. Симуляторлардың арқасында әрбір бала өзін әскери ұшқыш немесе танкіші ретінде сезіне алады. Экскурсоводтардың айтуынша, азаматтардың тарапынан музей шынайы түрде қызықтырады. 1 желтоқсанда оның ашылғанынан бастап музейге 300-ге жуық қонақ ат басын тіреген. Студенттер, оқушылар, балалар мен ересектер әскери киім нысаны, әскери марапаттар мен құжаттарды, өткен жүз жылдықтың қаруы мен қазақстандық армияның заманауи қару-жарағын тапанша, автомат пен мергендік винтовкадан бастап артиллериялық зеңбірек пен оқ-дәріге дейін өз көздерімен көріп тамашалау мүмкіндігі берілгеніне қуанышты. «Көне зал маған әсер қалдырды. Мұнда қазақ қару ұстаушыларының өзіндік жұмыстары ұсынылған. Олар жерімізде біршама шебер болғанының көрсеткіші болып табылады», - деді музейге келуші Ләйлім Ысқақова. ҚР Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейі Әскери-патриоттық орталықтың бөлігі болып табылатынын айта кеткен жөн. Оның құрамына ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі мен Орталық ансамблі кіреді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы