- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың жаңа темір жол вокзалы соңғы үлгідегі технологиямен салынуда
Астананың жаңа темір жол вокзалы соңғы үлгідегі технологиямен салынуда
Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған вокзал аумағы қазіргі қолданыстағы ескісінен 11 есе үлкен. Ұзындығы 630 метр, биіктігі 49,5 метр, ені 116 метр.
«Құрылысшылар тәулік бойы жұмыс жасауда. Қазіргі кезде іргетасы аяқталып, вокзалдың қабырғасы көтеріле бастады. 13000 тонна металл құрастырмасы (58 пайызы) игерілді. Вокзалдың негізгі қаусырмасын қарағандылық «Имсталькон» АҚ дайындауда,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Ірі жобаларды жүзеге асыру жөніндегі дирекцияның директоры Владимир Клинг.
Оның айтуынша, қазіргі кезде нысанда 1300 маман жұмысқа тартылған.
Жоба бойынша, пойыздар ғимараттың ішіне енеді. Ол үшін жабық үлгідегі алты эстакада салынуда. Эстакаданың ұзындығы 2550 метр болса, оған тіректердің 87-сі тұрғызылды.
Бүгінге дейін аралық құрылыстағы 17300 тонна (69 пайыз) металл қаусырмалары құрастырылды.
«Жолаушыларға барынша қолайлы болуы үшін соңғы үлгідегі ғимарат қуат үнемдеу лифтілері мен эскалаторларымен жабдықталады. Мұнда жер асты жылу алмастырғыштары вокзалды термальдық көздер арқылы қыздырады. Мұндай технология ғимаратты қыста жылытса, жазда салқындатады», - делінген хабарламада.
Жоба бойынша пойыздар алты қабатты вокзал ішіне кіре алады. Автокөлік құралдары да ондағы жолаушылар да вокзалға кіре берістегі 9,75 метрлік қабатта темір жол платформасына аялдайды.
Қолданыстағы қазіргі вокзал тәулігіне 7 мың адамға қызмет көрсетеді. Ал, жаңа вокзал арқылы тәулігіне 35 мың жолаушы өте алады. Елордасының басты темір жол қақпасы оған қосылатын –Тобыл, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар бағдарларына жолаушыларды бір мезгілде сапарға аттандырады.
Жаңа Астана вокзалы кешені «Мыңжылдық» аллеясына орналасқан. Оны 2017 жылғы наурызда пайдалануға беру жоспарланып отыр.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай