- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада 3 мыңға жуық коммуналдық техника газбен жүретін болады
Елордада 3 мыңға жуық коммуналдық техника газбен жүретін болады
3 Желтоқсан, 2015 17:21
Елордада атмосфералық ауаға шығарылатын зиянды заттарды азайту мақсатында автокөліктер экологиялық жағынан неғұрлым таза болып табылатын газбен жүретін болады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Қазіргі кезде Астанада коммуналдық меншіктегі 3 мыңға жуық көлік құралын газға ауыстыру жоспары әзірленуде.
Бүгінгі таңда коммуналдық кәсіпорындардың 300-ден астам көлігі газға ауыстырылды. Қазіргі кезде қалада 42 газ құю станциясы жұмыс істейді, тағы да 15 станция салу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 2015 жылдың тоғыз айында ЖЭО елорда атмосферасына шығарылған зиянды заттар көлемі 27,3 мың тоннаны құрады. Бұл 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 21,6%-ға төмен, деп мәлім етті елордалық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасындағылар. Мұндай көрсеткішке эмульгаторларды орнату және азот пен күкіртті басу жөніндегі экологиялық шараларды өткізу нәтижесінде қол жеткізілді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды