• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Астана Опера» солистері Верондағы опера әншілері халықаралық байқауына қатысады

«Астана Опера» солистері Верондағы опера әншілері халықаралық байқауына қатысады

6 Қараша, 2013 18:35
Қазақстандық солистер 4-10 қараша аралығында Италияда өтетін опера әншілерінің халықаралық байқауына қатысады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігнің баспасөз қызметі.

«Байқау үміткерлерінің іріктеу кезеңінен өтуі керек. Онда үміткерлер «Богема» (Джакомо Пуччини) мен «Мария Стюарт» (Гаэтано Доницетти) операларын орындаулары керек. Байқаудың финалы 7-8 қарашаға белгіленді. Жеңімпаздар 2014 жылы Arena di Verona  театрында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады», - делінген хабарламада.

«Астана Опера» театры атынан Сүндет Байғожин, Медет Шотабаев, Галина Чеплакова, Альфия Каримова аттанбақ.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш байқау ЮНЕСКО аясында екі жылда бір рет ұйымдастырылады.

 

Барлық жаңалықтар