ШҚО-да тау-шаңғы базасын салу жоспарлануда

4 Желтоқсан, 2015 08:36
Риддер қаласының бизнес-жобаларының бірі тау-шаңғы базасының құрылысы болып есептеледі, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Тау-шаңғы базасы кәсіптік спортшылар мен тұрғындарға да қызықты болмақ.

«Намедни» ЖШС туристік тау-шаңғы базасының құрылысы бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда бұл жобаға Алматылық инвесторлар қызығушылық танытып отыр.

«РФ Самара қаласынан тау-шаңғы қондырғысын дайындайтын жұмыс тобы келді. Сондай-ақ, 40-50 нөмірлі қонақ үй салынады», - деді  қала әкімі Жомарт Мұратов.

Риддерде екі тау-шаңғы түсімі жұмыс істейді. Ал базаның аймағында кәсіптік спортшыларға арналған түсім пайда болады. 

Барлық жаңалықтар