- Басты
- Жаңалықтар
- Назарбаев Университеті мен «Астана ЭКСПО-2017» Парижде «Болашақ энергеиясы-2015» халықаралық форумын өткізеді
Назарбаев Университеті мен «Астана ЭКСПО-2017» Парижде «Болашақ энергеиясы-2015» халықаралық форумын өткізеді
«2015 жылғы 9 желтоқсанда Париждегі ЮНЕКСО-ның штаб-пәтерінде Назарбаев Университеті және «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес және болашақ энергиясы» тақырыбына арналған «Болашақ Энергиясы» 2015 Халықаралық Форумы өтеді. Форум энергетика және орнықты даму саласындағы әлемдік озық тәжірибелерді кеңінен пайдалануды, «таза» энергия көздерін дамыту саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктерді ынталандыруды көздейді», - деді Ш.Катсу.
«Болашақ Энергиясы» Форумы – ЭКСПО-2017 көрмесінің ең айтулы оқиғаларының бірі болады. Көрме және Форум шеңберінде қазіргі заманғы энергетика саласының стратегиялық даму басымдықтары айқындалып, энергетиканың және тұрақты дамудың жаңа ғаламдық моделі жан-жақты талқыланады.
«Форумға қатысушылар – саяси және мемлекет қайраткерлері, үкіметтік құрылымдардың, халықаралық ұйымдардың, индустрия мен ғылыми орта өкілдері – өз пікірлерін ортаға салып, заманауи энергия көздеріне қол жетімділікті, энергия тиімділігін, энергетикалық қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өз ойларымен бөліседі. Қатысушыларға энергияға қол жетімділікті, жаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдалануды және энергиялық тиімді өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық құжаттар, стратегиялар, тұжырымдамалар мен технологиялар таныстырылатын болады», - деді ол.
Іс-шара Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негізгі конвенциясы тараптарының 21-ші конференциясы (СОР21) өтетін кезеңде ұйымдастырылады. Ол 30 қарашада өз жұмысын бастады және 11 желтоқсанға дейін жалғасады. Климаттың өзгеруі мәселесіне арналған ең үлкен пікірталас алаңдарының бірі болып табылатын COP21 конференциясына 195 елден 40 мыңнан астам өкіл қатысуда. Аталған конференцияда жер-жаһанда температураның 2°C-тан асуына жол бермеу жөнінде міндеттеме алуды көздейтін жаңа халықаралық келісімге қол қою көзделуде.
Ботагөз Айтжанова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді