• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жетекші австриялық технологиялар мен ноу-хауға қызығушылық танытуда – ҚР СІМ (ФОТО)

Қазақстан жетекші австриялық технологиялар мен ноу-хауға қызығушылық танытуда – ҚР СІМ (ФОТО)

3 Желтоқсан, 2015 14:32
ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысовтың Австрияға сапары барысында Австрия Республикасының Федералды Президенті Хайнц Фишер Қазақстан мен Австрияның өзара қарым-қатынасына, Қазақстан Президентінің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бастамаларына жоғары баға берді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесуде аталып өткендей, Қазақстан жетекші австриялық технологиялар мен ноу-хауға қызығушылық танытуда, ал Австрия энерготасымалдаушыларды жеткізуге мүдделі. Тараптар экономикалық салада серіктестік орнату мәселелерін талқылады.

«Екі жақта жұмыс істеп жатқан жобаларды соңына дейін жеткізу және жаңа серіктестік жолдарын іздестіруге қызығушылық танытты», - делінген хабарламада.

ҚР сыртқы саясат ведомствосының басшысы атап өткендей, өткен жылдың қазан айында Қазақстанның ЕО-мен серіктестікті кеңейту туралы келіссөздері аяқталды. Құжат аясында жұмыс үш жыл бойы жүргізілді.

Сонымен қатар, ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Австрияға сапары барысында Австрия Республикасының Федералды Президенті  Хайнц Фишер Қазақстан мен Австрияның өзара қарым-қатынасына, Қазақстан Президентінің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бастамаларына  жоғары баға берді. 

Барлық жаңалықтар