ҚТЖ-да «электронды» бағдарлар енгізілуде

3 Желтоқсан, 2015 15:19
Қазақстандағы локомотив шаруашылығын басқарудың автоматтандырылған жаңа жүйесі бағдар жылдамдығын ұлғайтып, жүкті жеткізу уақытын қысқартуда шұғыл шешім қабылдауға мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚТЖ-ның баспасөз қызметі.

«Машинистің электронды бағдарын енгізу (МЭБ) тасымалдау үдерісінің тиімділігін арттырады. Машинист дәстүрлі бағдар парағын толтырмайды. Яғни, локомотив бригадаларының жұмыс уақытын үнемдейтін қағазсыз технологияға көшпекпіз»,- деді АСУ «ЭДТ» тобының жоба басшысы Ольга Лобанова.

«Локомотив» АҚ басқарма бастығы Егор Лесныхтың айтуы бойынша, машинист бағдарын автоматтандыру арқылы есеп, жоспарлы-экономикалық бөлім бастықтарының жұмыс сапасына тікелей қатысты ақпараттың шынайылығына қол жеткіземіз.

Осыған орай жуықта Тараз қаласында семинар өткізілді. Семинарда оңтүстік және батыс аймақтардағы 18 локомотивті пайдалану депосының мамандары АСУ «Энергодиспетчерлік тартым» сондай-ақ, «Машинистің электронды бағдары», «Жұмыс уақытын есептеу» модульдерінің жұмысымен танысты.

 Кезекті оқыту семинары Қарағандыда өткізіледі. Онда солтүстік аймақ локомотив қызметкерлері  локомотив паркін тиімді қолданудың жаңа жүйесінің мүмкіндіктерімен танысады.

 

 

Барлық жаңалықтар