• Басты
  • Жаңалықтар
  • Минскіде Қазақстан мен Беларусьтің бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бастамалары талқыланды (ФОТО)

Минскіде Қазақстан мен Беларусьтің бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бастамалары талқыланды (ФОТО)

3 Желтоқсан, 2015 15:03
Минскіде ТМД штаб-пәтерінде ҚР елшілігінің бастамасымен «БҰҰ 70 жылдығы: Қазақстан мен Беларусьтің бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бастамалары» халықаралық конференциясы өтті, деп хабарлады СІМ.

Конференцияға дипломиссия басшылары, ТМД атқарушы комитетінің жетекшілері, ТМД, ЕАЭО соты, БҰҰ, депутаттар мен Беларусь Республикасы меморгандарының өкілдері қатысты.

Өз баяндамасында Қзақтан елшісі Ерғали Бөлегенов конференция тақырыбының өзектілігін атап өтті.

«Е.Бөлегенов атап өткендей, конференция қатысушылары 2015 жылдың қыркүйегінде БҰҰ мінберінен  сөйлеген ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Беларусь Президенті А.Лукашенконың баяндамалары ғана емес, өзге халықаралық бастамалар да талқыланды», - делінген хабарламада.

Елші жақында жарияланған Жолдауға назар аударды. БРУ профессоры Леонид Давыденко Жолдаудың инновациялық мінезін атап өтті.

 

 

 

Барлық жаңалықтар