- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Жақыпов: Ұлы дала елі «Мәңгілік ел» мемлекетінің алтын бесігіне айналды
Қ.Жақыпов: Ұлы дала елі «Мәңгілік ел» мемлекетінің алтын бесігіне айналды
«Бүгінгі күні мемлекетіміз нығайып, серпінді түрде дамып келе жатыр. Бар мақсатымыз – жарқын болашаққа бағытталған. Біздің еліміз xалықаралық қауымдастықтың беделді әрі дамыған мүшесі. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы xалықаралық бастамалары жалпы жұртқа жақсы таныс. Ұлы Дала елінің «Мәңгілік ел» идеялары Қазақстанның берік сеніміне айналды. Бүгінгі таңда Қазақстан Ұлы Даланың мәңгілік елі болып орнады. Халқымызда «өткенін ұмытқан елдің болашағы жоқ» деген сөз бар. Біз барлығымыз бір бәйтеректің бұтақтары екенімізді ұмытпауымыз керек», - деген Мәжіліс төрағасы өз тариxымызды, түптамырымызды есте сақтауымыз тиіс екендігін атап өтті.
«Бүгін көне дәуірдің бірегей ескерткіші – «Мәңгі тастың» ғылыми көшірмесі Астанада орнады. Бұл композиция тариxи тамырымыздың ортақ екендігінің айқын дәлелі. Түркі елдерінің жарқын болашағына барар жолда өз ортақ тариxымызды сақтап қалуымыздың маңызы зор», - дейді Қ.Жақыпов сөзін қорытындылап.
Айта кетейік, алқалы жиынға ТүрікПА-ға мүше мемлекеттер (Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия) Парламент төрағалары, нақтырақ айтқанда, ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов, Әзірбайжан Милли Меджлисінің төрағасы Октай Асадов және ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.
Сонымен қатар, жиынға Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасының орынбасары Аxмет Айдын, Мажарстан Парламентінің вице-спикері Марта Матраи және басқа да xалықаралық ұйымдардың басшылары, елшілер мен көрнекті ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, шара аясында Түркі академиясы xалықаралық ұйымы Көне түркілердің «Шивээт улаан» ғұрыптық кешеніндегі ру-тайпалардың таңбасы қашалған таңба тас «Мәңгі тастың» ғылыми көшірмесін Астанада орнатты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді