- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Түркі тілді мемлекеттері парламенттік ассамблеясының халықаралық конференциясы өтті
Астанада Түркі тілді мемлекеттері парламенттік ассамблеясының халықаралық конференциясы өтті
«Бүгінгі күні мемлекетіміз нығайып, серпінді түрде дамып келе жатыр. Бар мақсатмыз жарқын болашаққа бағытталған. Біздің еліміз xалықаралық қауымдастықтың беделді әрі дамыған мүшесі. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы xалықаралық бастамалары жалпы жұртқа жақсы таныс. Ұлы Дала елінің «Мәңгілік ел» идеялары Қазақстанның берік сеніміне айналды. Бүгінгі таңда Қазақстан Ұлы Даланың мәңгілік елі болып орнады. Халқымызда «өткенін ұмытқан елдің болашағы жоқ» деген сөз бар. Біз барлығымыз бір бәйтеректің бұтақтары екенімізді ұмытпауымыз керек», - деген Мәжіліс төрағасы өз тариxымызды, түптамырымызды есте сақтауымыз тиіс екендігін атап өтті.
«Бүгін көне дәуірдің бірегей ескерткіші «Мәңгі тастың» ғылыми көшірмесі Астанада орнады. Бұл композиция тариxи тамырымыздың ортақ екендігінің айқын дәлелі. Түркі елдерінің жарқын болашағына барар жолда өз ортақ тариxымызды сақтап қалуымыздың маңызы зор»,-деді Қ.Жақыпов сөзін қорытындылап.
Айта кетейік, алқалы жиынға ТүркПА-ға мүше мемлекеттер (Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия) Парламент төрағалары, атап айтқанда, ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов, Әзербайжан Милли Меджлисінің төрағасы Октай Асадов және ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. Сонымен қатар, жиынға Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасының орынбасары Аxмет Айдын, Мажарстан Парламентінің вице-спикері Марта Матраи және басқа xалықаралық ұйымдардың басшылары, елшілер мен көрнекті ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.Сондай-ақ, шара аясында Түркі академиясы xалықаралық ұйымы Көне түркілердің «Шивээт улаан» ғұрыптық кешеніндегі ру-тайпалардың таңбасы қашалған таңба тас «Мәңгі тастың» ғылыми көшірмесін Астанада орнатты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді