- Басты
- Жаңалықтар
- Нью-Йоркте Қазақстанның өнер апталығы өтуде (ФОТО)
Нью-Йоркте Қазақстанның өнер апталығы өтуде (ФОТО)
Іс-шараның басты мақсаты – биыл өз мемлекеттілігінің 550-жылдығын атап келген қазақ халқының мәдениетімен, дәстүрлерімен және өнерімен таныстыру.
Линкольн-орталығының фойесінде көз тартар жасауымен жабдықталған жартылай киіз үй, сондай-ақ Қазақстанның елордасы – Астанаға арналған фотокөрме орнатылды. Көрме жанында Ғарифолла Құрманғалиев атындағы «Орал сазы» халық ансамблі өз өнерін ортаға салды. Бұл ұжым – көптеген халықаралық фестивальдердің қатысушысы бай репертуарын шебер орындап, ежелгі қазақ музыкалық аспаптары мен күй-әндерін паш етті.
Кештің басты түйіні – «Астана Балет» театрының солисттері «Астана Балет GALA» бағдарламасымен өнерін ортаға салып, көрермендердің назарына балет өнеріндегі батыл идеялары мен жаңа пішіндерімен ерекшеленген репертуар ұсынылды. Американдық сыншылар атап өткендей, Театр өз көркем ізімен және айрықша репертуарымен ерекшеленеді. «Астана Балет GALA» бағдарламасына отандық және шетел хореографтары туындаған Театрдың үздік қойылымы енген. Бағдарлама жалпы қазақстандық, ресейлік және американдық хореграфтардың жаңа ағымдарының симбиозы болып табылады.
Айрықша көңіл «Сақ нақыштары» және «Қыз Жібектің мұңы», «Қарлығаштар» және «Альмей биі» секілді біртума хореографиялық миниатюраларға, сондай-ақ спектакльдерден есте қаларлық сахналық қойылымдарға бөлінген. «Жусан» және «Әлем» балеттерінен үзіндіні тамашалай отырып, көрермен уақыт тезгісіне берілмейтін Ұлы дала сарынын сезеді. Қуат Шілдебаев пен Карл Дженкинстің, Қара Қараев пен АрманАмардың, Игорь Стравинский мен Евгений Брусиловскийдің музыкасы, көз тартар көркем театрлық костюмдерімен әртістердің тамаша техникасының үйлесімділігі көрермендерге музыка мен өнердің нағыз мерекесін сыйлады.
Бұл кеште лық толған Линкольн-орталығында БҰҰ жанындағы дипломатиялық миссиялар мен Бас Консулдықтардың, Біріккен Ұлттар Ұйымы Хатшылығының, халықаралық ұйымдардың басшылары және Нью-Йорктің сарапшылық, іскерлік және қоғамдық-саяси қауымдастығының өкілдері бас қосты. Кештің қонақтарын ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров және БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты Өкілі Қайрат Әбдірахманов қошеметтеп, сәлемдерін жеткізді. Қазақстандық шеберлердің концерті салтанатты қонақасымен аяқталды. Қазақстанның өнері апталығы БҰҰ штаб-пәтерінде, Қазақстанның Нью-Йорктегі Тұрақты Өкілдігі мен Бас консулдығында мәдени іс-шаралардың ұйымдастырылуымен жалғасады.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Еліміздегі опера және балет өнерінің дамуы -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары