- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта бұқаралық шаралар ұйымдастыру барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заң жобасы қаралды
Сенатта бұқаралық шаралар ұйымдастыру барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заң жобасы қаралды
Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу ережелерін реттейтін құжат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, «Мәдениет туралы» және «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңдарына түзетулер енгізуді көздейді.
Заң жобасы жергілікті атқарушы органдардыңбұқаралық іс-шараларды өткізуге қатыстырылған ұйымдардың қызметін үйлестіретін ұйымдастыру комитеттерін құруын қарастырады. Ұйымдастырушыларға іс-шараға қатысатын көрермендердің болжалды саны туралы, сатылған билеттердің, тұрақ орындарының саны туралы жергілікті атқарушы органдарды уақтылы хабардар ету жөніндегі міндеттер жүктеледі. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаларға іс-шараларға барған кезде тыйым салулар мен шектеулер енгізіледі. Атап айтқанда, стадиондарға алкоголь өнімдерін, шыны және металл ыдыстағы өнімдерді, пиротехникалық өнімдерді алып кіруге, адамдар өміріне қауіп төндіретін кез-келген заттарды мінбелер мен спорт алаңдарына лақтыруға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни араздық туғызатын плакаттар мен эмблемаларды пайдалануға тыйым салынады.
Құжатпен іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық енгізіледі. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
Анар Тәңірқұлова
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын