- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында индустрияландыру картасы 97 жобаға ұлғаяды
Қарағанды облысында индустрияландыру картасы 97 жобаға ұлғаяды
Барлық 3 жоба - шетел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар.
Аталған жобалар аясында шамамен 2200 тұрақты жұмыс орнын құру болжанады.
Көрсетілген жобаларды қарау Мемлекет басшысының шетел инвестицияларын тарту бойынша тапсырмалары негізінде жүргізілуде.
Өңірлік картаға «Осакаров ауданында «Global Lime Industries» компаниясы жоғары сапалы әк өндіретін зауыт салу» жобасы ұсынылды.
Жоба металлургиялық, химиялық және тағам өнеркәсібі кәсіпорындарының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 1-ші сұрыпты әк өндіру бойынша өндірістік кешен құрылысын көздейді.
Кешенді салу тікелей шетел инвестициясы есебінен жүзеге асырылады. Жоба инвесторы: әлем бойынша ондаған зауыты бар және металлургиялық өндіріс мақсаттары үшін әк өндірісінде көшбасшы болып табылатын Carmeuse Group (Бельгия) трансұлттық корпорациясы. Инвестиция көлемі - 8 млрд теңге. Жобаны іске асыру 105 жаңа жұмыс орнын ашуға ықпал етеді.
Жобаның инновациялығы қолданылып отырған технология тұтынушылардың техникалық талаптарына лайықталған, реакциялық қабілетімен 1-ші сұрыпты жеңіл күйдірілген әрі қатты күйдірілген әк өндіруге мүмкіндік беруін қамтиды.
Республикалық картаға ҚХР-дан инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын 2 жобаны енгізу ұсынылды.
Сонымен, «Қарағанды кешенді қорытпа зауыты» ЖШС «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақ аумағына кешенді қорытпа зауытын салуды жоспарлайды. Жобаны іске асыру өңірге сомасы 73 млрд. астам инвестиция тартуға және 1 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Зауытта бірінші кезеңде жылына 170 мың тонна ферросликоалюмений өндіру болжануда. Шикізат Куу-Чекинский көмір кен орнында (Бұқар жырау ауданы) өндіріледі. Дайын өнім - ферросиликоаллюминий - «Қазақстандық» қорытпа, Қарағанды химиялық-металлургиялық институт әзірлемесі. Өз қасиетінің арқасында ол өңделетін болаттың құрылымы мен сапасын жақсартады. Бұл әзірлеменің бірлескен авторларының бірі Мемлекет басшысы Н. Назарбаев болып табылады.
Жобаны қазақстандық тараппен бірге жетекші қытайлық «Sinosteel» компаниясы іске асыратын болады, оның металлургиялық пеш және оған қызмет көрсету бойынша сервистік орталықтарын салу саласында үлкен тәжірибесі бар.
«Мұнайды қайта өңдеу кешенін салу» жобасын «Karaganda CCI» ЖШС іске асырады. Бұл бірлескен кәсіпорын, оның құрылтайшылары «Цинхуа» корпорациясы, «Қайта өңдеу және ҚазМұнайГаз маркетингі» компаниясы, СП «Арбат» және «Разрез «Кузнецкий» ЖШС.
Бұл жоба - ҚР Президенті Н. Назарбаевтың ҚХР басшылығымен қол жеткізілген уағдаластығының нәтижесі.
Жобаға инвестиция көлемі шамамен 800 млрд теңгені құрайды. 1000 жаңа жұмыс орны ашылады.
Кәсіпорын дизель отынын, түрлі химиялық өнімдер шығарады.
Жоба инновациялық технологиялар трансфертін қамтамасыз етуге, көмір кен орындарын әзірлеу рентабельділігін арттыруға, өңір өнеркәсібінің жаңа бағыты - көмір-химия саласын құруға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде Қарағанды облысы бойынша Индустрияландыру картасы жобаларының жалпы саны 97-ге артады, инвестиция көлемі 1,3 трлн. теңгеден асады, 11500-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр