- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті Н.Назарбаев Жолдауының басымдығы – маңызды әлеуметтік бағдарламалардың сақталуы – шетелдік сарапшы
ҚР Президенті Н.Назарбаев Жолдауының басымдығы – маңызды әлеуметтік бағдарламалардың сақталуы – шетелдік сарапшы
- Вячеслав Олегович, сіз Қазақстанды жақсы білесіз. Әсіресе, оның тарихы мен геосаясатынан хабардарсыз. Биылғы Елбасы Жолдауының экономикалық құрамына қандай баға бересіз?
- Жаһандық экономикалық және саяси проблемалардың заманауи кезеңінде және негізгі әлемдік державалар қарым-қатынасының шиеленісу кезеңінде Қазақстан Республикасының Н.Назарбаевтың төрағалығымен барлық сынақтарға орынды жауап беріп, 2015 жылдың 30 қарашасында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.Халықаралық экономикалық жағдайға жауап ретінде Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында «Барыңмен өмір сүру» негізінде өмір сүруді ұсынады, ол бюджеттік оңтайландыру саясатында, шығынды қысқарту мен кірісті ұлғайту, бәсекелестікті ынталандыру шараларында байқалады. Шығындарды оңтайландыруға қарамастан, Елбасы Н.Назарбаев маңызды әлеуметтік бағдарламаларды қысқартуға барған жоқ. Керісінше, жаңа әлеуметтік бағдарламаға ден қойып, жалақы мен шәкіртақы, әлеуметтік жәрдемақыны өсіруді тапсырды.
Қазақстанды дамыту жаңа экономикалық жағдайда жеке мүлікті қалыптастыру болып есептеледі. Бүгінде ел кең ауқымды жекешелендіру мен экономиканы жекешелеу жолымен келе жатыр. Президент өз Жолдауында үздік қазақстандық кәсіпкерлерді өз капиталдарын жекешелендіру мен заңдастыруға шақырды.
Сондай-ақ, Қазақстанның экономикалық жеңістері де назар аудартады, оған дәлел әлемдік бәсекелестік индексіндегі жоғары орындар. Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі қазақстандық өнім мен нарықты шетелдікке шығарып, өрісін кеңейтті. Бұл экономикалық жетістіктер Қазақстан мен Елбасы еңбегінің нәтижесі.
- Қазақстан басшысының сыртқы саяси бағытына қандай баға бересіз?
- ҚР Президенті Н.Назарбаев жүргізіп отырған саясат, елдің геосаяси тұрғысынан өте дұрыс болып есептеледі. Бұл көрегендік пен жеделділіктің белгісі болып, Қазақстанға одан әрі экономикалық және саяси бастамалар бойынша қолдауға ие болуды қамтамасыз етіп отыр.
- Қазақстан мен Украина арасындағы ортақ мәселелер бар ма? Ынтымақтастықтың деңгейін қалай бағалауға болады?
- Украина Совет кезінен бастап Қазақстанмен экономикалық және саяси байланысқа ие. Тарих беттерін ақсарсақ, Қазақстан мен Украинаның ұқсас тұстары өте көп. Қазақстанда өте ауқымды украиналық диаспора қалыптасты. Қазақстанмен Ұлы Украин суретшісі Т.Шевченконың ғұмыры байланысқан. Украинада, өз кезегінде, қазақстың сүйікті ұлы Қ.Қайсеновты құрметтеп, ұлықтайды. Бұрыннан келе жатқан жақын қарым-қатынастың дәлелі Украина Президенті П.Порошенконың Қазақстанға 2015 жылдың 8-9 қазанында жасаған сапары болды. Сапар барысында ол Елбасы Н.Назарбаевпен жеке кездескен болатын. Кездесуде маңызды экономикалық және саяси мәселелер талқыланды.
Қорытындылай келе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашасындағы Жолдауы нда қазақстандық саясат пен жаһандық экономикалық жағдайдың барлық тұстарын көрсетіп, жағдайдан шығудың шараларын көрсеткен.
- Сұхбатыңызға рахмет.
Данияр Қасымов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады