- Басты
- Жаңалықтар
- Түркі академиясы «Мәңгі тас» монументінің көшірмесін Астанада орнатты
Түркі академиясы «Мәңгі тас» монументінің көшірмесін Астанада орнатты
«Мәңгі тас» («Вечный камень») ескерткіші біздің халықтарымыздың бірлігінің белгісі, ұлы түркі билеушісі осы ескерткішті орнатқан, бұл біз үшін мақтаныш. Бұл ескерткіште түркі елдерінің анты қашалған, ұлы заңдар бекітілген, оның бойынша құрылтай жиналған, осылайша бүгінгі парламентарийдің негізі қаланған десе болады», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова.
Айта кетерлік жайт, биiктiгi 2 метрден асатын таңбатас көкшiл түстi жанартау жынысты тұнбатастан жасалған. Оның тегiстелген бет жағында 60 - қа жуық әртүрлi таңба безбенделген. Оларды iшiнде қырғыз, ұйғыр, қарлұқ, қыпшақ, хазар, авшар сынды iр ру- тайпалардың таңбалары бейнеленген. Ежелгi Өтүкен алабында орналасқан »Шивээт улаан» ғұрыптық кешен көптеген этносаяси одақтарды бiр шаңырақтың астына бiрiктiре бiлген Еуразиялық түркi империясы қағанының құрметiне орнатылған ( VI-VII ғасыр) ғұрыптық кешен. Түркi академиясы »Мәңгi тастың» эстампажын биылғы жылдың қыркүйек айында Моңғолияға ғылыми сапары барысында әкелген болатын.
«Өздеріңіз білетіндей біздің мемлекет мемлекеттілікті құрудың негізін көне заманда салып қойған. Аталмыш ескерткіштің Астанада ашылуы өте маңызды, соның арқасында біз осындай танымал мемлекетке айналдық. Жалпы, бұл ескерткіштің Астанада ашылуының өзі түркі елдері үшін өте маңызды», - деп ағынан жарылды түркітанушы ғалым, профессор Мырзатай Жолдасбеков.
Ескерткіштің ашылуы Түркітілдес мемлекеттердің Парламеттік Ассамблеясы VI саммиті аясында өтті. Атап өтсек, ТүркiПА-ға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия елдерi мүше.
Индира Кауметова
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
Мемлекеттік басқару академиясының «QazaqResmiTest» тестілеуінің форматы қалай өзгерді -
Түркістан облысының дамуы: Түркістан қаласының салынуы, Мақтааралдың қалпына келтірілуі -
Түркістан қаласының келбеті қалай өзгереді -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Түркістан облысында 200-ден астам жүргізуші армениялық көліктерін тіркеді