- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Отан» партиясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының нәтижелері талқыланды
«Нұр Отан» партиясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының нәтижелері талқыланды
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары А.Мырзахметов «сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қолға алынуы партия қызметіне де қосымша серпін берді. Саяси құжат ретінде аталған баяндаманың өзегіне Сыбайлас жемқорлықты түйсінудің Ұлттықиндексі бойынша жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері енгізіліп, осы саладағы нақты үдерістер көрініс таппақ. Бұл әдістеме шетелдік жетекші сарапшы-әлеуметтанушылардың оңды көзқарасына ие болып отыр. Баяндама партия мен мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты өзара байланысының нығаюына және заңнамалардың жетілдірілуіне септігін тигізеді»- деп атап өтті.
Еліміздің Бас прокуроры А.Дауылбаев өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бақылау-қадағалау органдарының бизнес өкілдеріне негізсіз араласуын шектеу мақсатында прокуратура органдары тарапынан тексерулерді тіркеу тәртібі оңтайландырылғанын мәлімдеді. «Бизнес тірегі-Опора бизнеса» электронды порталы іске қосылып, оған хабарласқан 28 мың кәсіпкер тағайындалған тексерулердің заңдылығы жөнінде ақпар алса, 2,5 мың бизнес өкілдері мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне шағымданған. Қабылданған шаралар бизнеске деген жүгінулерді 13 есеге қысқартуға мүмкіндік ашты. Мәселен, 2010 жылы бизнес өкілдерінің 52 пайызынатүрлі тексерулер жүргізілсе, биылғы жылы бұл көрсеткіш 4 пайызға дейін төмендед»,- деп атап өтті Бас прокурор.
Отырыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының алғашқы нәтижелері сарапқа салынды. Пікір білдірушілер биылғы жылы Бағдарлама аясында қабылданған заңдар («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қолжетімділік туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы» және т.б.) сыбайлас жемқорлыққа қарсы нық құқықтық база болып қалыптасқанын атап өтті. Бұл өз кезегінде еліміздегі барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың тиімділігін арттырып, оның алғышартын бәсеңдетпек. Қабылданған заңдардың орындалуын жіті қадағалау алдағы уақытта партиялық құрылымдардың басты бағыты болуы тиіс.
Келер жылдан бастап, Бағдарламада қарастырылған жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті қауымдастықтар мен органдардың өкілеттігін артыруды заңнамалық негізде бекіту қолға алынады деп жоспарлануда.
Жиынға қатысушылар Баяндаманы әзірлеудің барлық аспектілерін, Бағдарламаны іске асырудың алғашқы нәтижелерін тереңінен талқылап, мазмұны мен тұжырымдарына қатысты ортақ пайымдар білдірді.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет