- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-дағы бизнес форумда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды (ФОТО)
ОҚО-дағы бизнес форумда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды (ФОТО)
Қаржылай сауаттылық пен кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы сұрақтарды қарады.Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов стратегиялық мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда елдің экономикалық өміріне әйелдердің етене араласуының маңыздылығын атап өтті.
Форум - әйел кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау мәселелерін талқылайтын интерактивті алаң болып табылады. Шараға Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер Палатасы мен Кәсіпкерлер палатасының аймақтық өкілдері, іскер әйелдер кеңесі қатысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша ОҚО әкімдігі мен ОҚО КП Іскер әйелдер кеңесінің арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Сондай-ақ, форумға қатысушылар 3 желтоқсан күні Шымкент қаласының Индустриалды аймағында болып, бизнес-идеялар мен Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныспақ. Бүгінде аймақта мыңдаған жұмыс орны ашылған 10-нан астам инвест жобалар жүзеге асырылып жатыр. Өндірістегі инфрақұрылым «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынып, ондағы бірқатар жобалар Индустрияландыру картасына енген.
Қазіргі таңда, орташа есеппен алғанда елдегі шағын және орта бизнес субъектілерінің 41%-ын нәзік жандылар құрайды. Іскер әйелдер 2014 жылы 794,5 мың азаматты жұмыспен қамтыған.
Қазақстанда әйел кәсіпкерлердің жұмысын дамыту мақсатында арнайы мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істейді. Мәселен, осы жұмыстарды жүзеге асыруда 2015 жылы «Атамекен» ҰКП жанынан іскер әйелдер Кеңесі құрылған.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары