- Басты
- Жаңалықтар
- Теңіз жаяу әскерлерінің 260 жас сарбазы алғашқы жауынгерлік атыста сыналды(ФОТО)
Теңіз жаяу әскерлерінің 260 жас сарбазы алғашқы жауынгерлік атыста сыналды(ФОТО)
Осы күзде теңіз жаяу әскерлері бригадасына мерзімді әскери қызметін өтеуге жуырда келген 260 жас сарбаз алғашқы жауынгерлік атысқа шықты. Қауіпсіздік шараларымен танысқан сарбаздар атыс сынағына жіберіліп, АК-74 бақылау атысы бойынша 4 жаттығуды орындады.
Бірінші атыс сабағының қорытындысы бойынша үздік мергендер анықталды. Жоғары нәтижемен 92 ұпай жинап, үздік мерген атағына гвардияның қатардағы жауынгері Виталий Данчев пен 90 ұпай жинаған Аслан Бейсенбаев ие болды. Аталған жастар теңіз жаяу әскерлерінің бригадасына мерзімді қызметін өтеуге Ақмола облысы мен Батыс-Қазақстан облысынан келген болатын. Бірнеше күннен кейін, яғни 6 желтоқсан күні, бөлімнің жас толымнан құралған 260 әскери қызметшісі Ақтау қаласына салтанатты түрде әскери ант қабылдауға барады.
Жауынгерлік іске жаңа кіріскен әскери қызметшілер Қарулы Күштердің қатарында мерзімді қызметінің бірінші күнінен бастап-ақ жаттығуды үйренді. Өз командирлерінің, тәжірибелі нұсқаушыларының басшылығымен олар мамандықтары бойынша әскери техника мен қару-жарақты, олардың техникалық сипаттамасын зерделейді. Сонымен қатар жас толымдарды даярлау бағдарламасына қоян-қолтық күрес пен атыстың жеке элементтерін игеру де кіреді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды