• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президентінің Жолдауында қазақстандық халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша нақты жоспар бар – сарапшы

ҚР Президентінің Жолдауында қазақстандық халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша нақты жоспар бар – сарапшы

3 Желтоқсан, 2015 10:34
ҚР Президентінің Жолдауында қазақстандық халықтың өмір сүру сапасын арттыру және бұған дейін межеленген міндеттерді жүзеге асыру бойынша нақты жоспар бар, деп ағынан жарылды Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі Айгүл Біжкенова «Strategy2050.kz»АА берген сұхбатында.

Сарапшының пайымынша, ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауын халық үлкен ықыласпен күтеді. Себебі онда мемлекеттік органдардың қызметіне әділ баға беріліп қана қоймай, одан ары дамудың негізгі векторлары анықталады.

«Ағымдағы жылғы Жолдау маңыздырақ болды десе болады, оның өзіндік себебі де бар. Біріншіден,  ол бүкіл әлемдегі дағдарысқа байланысты және ел ішіндегі тұрақты қаржылық-экономикалық жағдайды сақтап қалуға бағытталған. Екіншіден, Жолдауда қазақстандық халықтың өмір сүру сапасын арттыру және бұған дейін межеленген міндеттерді жүзеге асыру бойынша нақты жоспар бар», - деді А. Біжкенова.

Оның айтуынша, Жолдау толығымен тұрақтылық пен мемлекеттік беріктікке деген қамқорлыққа толы. Сонымен қатар онда нақты міндеттер мен жоспарлар көрсетілген. Президент мемлекеттік бюджеттің шығынын азайту бойынша бірқатар баптарды қарап шықты, алайда әлеуметтік саясат еш өзгеріссіз қалды, аз қамтамасыз етілген жанұяларға одан ары қамқорлық танытыла береді және бюджет саласынның «В» санатындағы қызметкерлерінің жалақысы арттырылады. 

«Жыл сайын Президент білім беру саласын назардан тыс қалдырған емес. Ағымдағы жылғы Жолдауда да білім саласына үлкен көңіл бөлінген. Енді 2017 жылдан бастап елімізде әр жас азамат тегін техникалық-кәсіптік білім ала алатын болады. Жұмысшы мамандықтарын көбейту ішкі жұмысбастылықты арттырады. Үлкен жетістіктерге жету үшін кішкентай дүниеден бастау керек. Осы ретте Президент жастарға өзінің еңбек биографиясын үлгі етті», - деп толықтырды А. Біжкенова. 

Сарапшы атап өткендей, ҚР БҒМ-ның, яғни  жоғарғы оқу орындарының алдында ғылымды дамыту және ғылымды қажетсінетін процестерді дамыту туралы үлкен міндеттер қойды. 

«Евразия ұлттық университеті бүгінде дұрыс бағытта жұмыс істеуде, ол ғалымдар мен білім алып жатқандардың оқу барысындағы ғылыми зерттеулерінің нәтижесін оқу процессіне енгізу, ғылыми-зерттеу институттарын құру және ғылымды коммерцияландыру бағытында жұмыс істеп жатыр. Менің есептеуімше, дәл осы бағыт үлкен жетістікке жеткізеді», - деп түйді ол.

Барлық жаңалықтар