- Басты
- Жаңалықтар
- В.Зайберт: Қазақ хандығының пайда болуына итермелейтін үрдістер 6 мың жыл бұрын басталды
В.Зайберт: Қазақ хандығының пайда болуына итермелейтін үрдістер 6 мың жыл бұрын басталды
- Виктор Фёдорович, біліуімізше жылқыны қолға үйрету мәдениеті 6 мың жыл бұрын Солтүстік Қазақстанда Ботай өркениеті кезеңінде пайда болды. Қазақ хандығы үшін оның пайда болуы қандай маңызға ие?
- Ботай кезеңінде пайда болған үрдістер қорытындысы Қазақ хандығының пайда болуына негіз болды. Бұл бәрінен бұрын Ұлы даланың мәдени-саяси этностар консолидациясының қалыптасуы. Адамдар өмір сүрудің бірыңғай жүйесін құрастырып, өмірдің әр түрлі кезеңіне бейімделді. Көшпенділердің этногенезі қалыптасып, бірыңғай тілдің қалыптасу үрдісі жүріп жатты. Себебі, Ұлы даланың барлық өңірлері бір-бірімен байланысты болды. Қазір біз 48 түркі этносын білеміз. Олардың өзіндік ерекшеліктері болса да, олар бір тіл мен мәдениет желісінде орналасқан. Қазақстан аймағындағы политегенез жас номадтардың өркениеті негізінде қалыптасты. Қазақ хандығының қалыптасуымен қатар оның ерекшелігі де дараланды.
- Бес жарым мың жыл бұрын Қазақ хандығының құрылуына басты фактор не болды?
- Бұл жерде мәдениеттерің ықпалдасуы болды. Патриотизм ұғымы әр түрлі мағынаға ие, әр түрлі мәдени өкіл оны әрқалай қабылдауы мүмкін. Малшыларда Отан ұғымы бір мағынаға, жер иелерінде бір мағынаға ие болды. «Номад» термині еуразиялық болып есептелмейді. Ол аңшылар, балықшылар, жинаушылар ұғымын астарланған. Аталмыш терминнің астарында мәдени-тарихи негіз қалыптаспаған. Оны Дала өркениетін білдіру үшін қолданылмаған жоқ. Қазақстан – ұлан-ғайыр ел. Ботай жылқы баптаушылары Тұран өңіріне өзіндік әсер берді, ол Алтай, Памир, Кавказ. Бұл өңірлер жылқы өсіру бойынша бір-біріне ұқсас. Бұл ортақ Еуразиялық платформа, оның негізінде біз 550 жылдығын тойлап жатқан Қазақ хандығы қалыптасты.
- Ботай жеріндегі археологиялық зерттеу қалай өтті? Қандай жоспарларыңыз бар?
- Биыл Ботайда астық отырғызу кезеңінде қаржыландыру жетіспей, зерттеу жүргізілмеді. Бірақ, студенттерге арналған археологиялық зерттеу болды, оған біз қаржыны өзіміз іздеп таптық. Сондай-ақ, алыс шетелден мамандар да келді. Жылқы баптауды зерттеп жүрген Австралиялық маман да келген болатын. Менің мақсатым, Ботай мәдениетін зерттеуге барлық өмірімді арнау. Барлық әлемдік ғалымдар алғашқы рет жылқының 6 мың жыл бұрын Солтүстік Қазақстанда үйретілгенін мойындап отыр. Бұл әлемдік тарихты өзгертті. Коммуникация өзгеріп, бір-бірінен бірқатар шақырым алшақ жатқан халықтарды біріктірді. Біздің ата-бабамыздың әлемдік өркениетке қосқан үлесі бар.
- Сұхбатыңызға рахмет.
Данияр Қасымов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды