ГФР-дағы ҚР-ның елшісі Карлсруэның өндірістік аямағын аралады

3 Желтоқсан, 2015 09:13
2015 жылдың 30 қарашасында ГФР-дағы ҚР-ның елшісі Болат Нүсіпбеков Баден-Вюртемберг федералды жеріне жұмыс сапармен барып қайтты. Оның аясында елші нің қатысуымен бірқатар экономикалық шаралар өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Карлсруэда Сауда өндірісітік палата мен Германиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен дөңгелек үстел өтті. Онда неміс кәсіпорындарының Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері мен болашағы талқыланды.

Сонымен қатар, шара барысында Елшілік «Қазақстанның инвестициялық саясаты және неміс компаниялары үшін мүмкіндіктер» атты тақырыппен таныстырылым өткізді. Бұдан басқа, еліміздегі АЭА-лардың инестициялық мүмкіндіктері баяндалды.

Карлсруэға сапары аясында Б. Нүсіпбеков SiemensAG  компаниясының технологиялар бойынша вице-президенті Герберт  Шторкпен және аймақ астанасының мэры Франк Ментруппен кездесті.

Келіссөздер барасында SiemensAG концернінің Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне техникалық серіктес ретінде қатысу, оның инвестициялық қызметін кеңейту мәселелері мен ҚР-да медициналық құрал-жабдықтарды  өндіру мүмкіндіктері талқыланды.

Өз кезегінде Карлсруэ аймағының басшылығы Қазақстанмен өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға мүдделі екенін жеткізді. 

Барлық жаңалықтар