- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда толығымен ауыз сумен қамтылды – әкімдік (ФОТО)
Қызылорда толығымен ауыз сумен қамтылды – әкімдік (ФОТО)
Тұрғындардың қуанышымен бөліскен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қызылордалықтарды мерекемен құттықтады.
« Қызылорданың тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету осы уақытқа дейін шешімін таппаған күрделі мәселе болатын. Бұған дейін де біраз жұмыс жасалды. Алайда, Мемлекет басшысы жариялаған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бұл түйткіл толықтай шешілді. Аталған бағдарлама арқылы биыл 3,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, «Степь» су тоғаны салынды. Қыруар жұмыс атқарылды. Енді міне бүгін Тұңғыш Президент күнінен бастап қызылордалықтар таза ауыз су тұтынатын болады. Мереке құтты болсын», - деді облыс әкімі.
Судың сапасы бұрынғыға қарағанда 10 есеге артты. Мәселен дарияның суының қаттылығы сүзгі станциясының тазартуынан кейін 11,1 болса, «Қызылжарма» жес асты суның көрсеткіші 1,4 құрап отыр. Мамандардың айтуынша бұл су арнайы сүзгіден өткізуді қажет етпейді.
Дәл осы күні мерекеге орай Тасбөгет кенті мен Қызылжарма ауылын көгілдір отынға қосу шарасы өтті. Қызылорда қаласына қарасты екі елдімекен тұрғындары енді толық табиғи газды тұтынатын болады. Кентке газ құбырларын тарту үшін республикалық және облыстық бюджеттен 727,4 млн. теңге бөлінген. Ал Қызылжарма ауылында 1 млрд. 432 млн. теңгенің жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде облыс орталығы қазірдің өзінде 95 пайыз табиғи газбен қамтылды.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер