• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақордада шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының отырысы өтті

Ақордада шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының отырысы өтті

6 Қараша, 2013 17:18
Бүгін, 6 қараша Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының отырысы өтті.

«Мемлекеттік хатшы отырысты аша отырып, Комиссия мүшелерін «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20-жылдығымен құттықтады және Мемлекет басшысының жеке бастамасымен тағайындалған стипендия бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға бағытталған аса маңызды серпінді жобалардың біріне айналғанын атап өтті. «Болашақ» түлектері бүгінде қоғам өмірі мен мемлекеттің барлық саласында еңбек етуде, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асыруға лайықты үлестерін қосуда», - деп хабарламада нақтыланған.

Республикалық комиссия шешіміне сәйкес, 66 адам магистратура (64 адам) және докторантура (2 адам) бағдарламалары бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, олар Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Канада, ҚХР және Швейцария жетекші жоғары оқу орындарында білім алатын болады.

Таңдап алынған мамандықтар ауқымы да айтарлықтай кең. Олардың арасында ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік, экономика, қаржы және аудит, туризм мен спорт саласындағы менеджмент, лингвистика және аударма ісі мамандықтары бар.

Барлық жаңалықтар