2016 жылы Алматы облысында 1300 жеміс бағын отырғызу жоспарланған

2 Желтоқсан, 2015 17:12
2020 жылға қарай Алматыдағы апорт бақтарының көлемiн 3 100 гектарға жеткiзу жоспарланып отыр. Бұл жөнiнде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкiмi Амандық Баталов мәлiмдедi.

«Мемлекет басшысы алма бақтарын қалпына келтiру және әйгiлi Алматы апортын қайта жаңғырту жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгiнгi күнi жемiс бақтарының аумағы 20 мың гектарды құраса, оның шамамен 2 мың гектары апорт. Мұнда да кооперациялау жүргiзiлуде, 350 млн теңге субсидия бөлiнген», - деді ол.

«2020 жылға қарай апорт бақтарының көлемiн 3 100 гектарға дейiн жеткiзудi жоспарлап отырмыз. Осылайша, ең алдымен Қазақстанды алматылық апортпен қамтамасыз етiп, одан соң экспортқа шықпақпыз. Келесi жылы Панфилов және Ұйғыр аудандарында сәйкесiнше 1 мың және 300 га жаңа жемiс бақтарын отырғызу жоспарланып отыр», - дедi А.Баталов.

Барлық жаңалықтар