- Басты
- Жаңалықтар
- М.Рютте: Нидерланды Қазақстанмен тиімді ынтымақтастық жүргізуге мүдделі
М.Рютте: Нидерланды Қазақстанмен тиімді ынтымақтастық жүргізуге мүдделі
Тараптар барлық салада екіжақты қарым-қатынасты дамытудың өзекті сұрақтарын талқылады.
Мәжіліс Төрағасының атап өткеніндей, Нидерланд Қазақстанның Еуропадағы маңызды сыртқы саяси және негізгі экономикалық әріптесі саналады, сонымен қатар, Нидерланд қазақстандық экономиканың ірі инвесторы. Яғни, өткен 22 жылдың ішінде Қазақстан экономикасына құйылған голландиялық инвестиция көлемі 59 млрд АҚШ долларын құраған. Бүгінгі күні елімізде мыңға жуық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Қ. Жақыпов екі ел арасында орнаған өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мақсатында голландтық кәсіпкерлерді «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты және үдемелі индустриялық даму бағдарламалары аясында индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырды.
Ғаламдық деңгейдегі маңызды сұрақтар жайында Қ. Жақыпов халықаралық қауіп қатерде әлемдік қауымдастықтың күш біріктіруінің маңызды екенін айта келіп, Қазақстан Президентінің БҰҰ ұранымен халықаралық лаңкестікке және экстремизмге қарсы ғаламдық жүйе құру және «Ислам терроризмге қарсы» форумын өткізу туралы бастамасын қолдауға шақырды. Сондай-ақ, Нидерландтың 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Казақстанның кандидатурасын қолдайтындығына сенім білдірді.
Өз кезегінде Марк Рютте қай салада да қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізе келіп, біздің еліміздің ДСҰ кіруі туралы келіссіөздердің аяқталуы, ЕО-пен кеңейтілген ынтымақтастық және әріптестік жөніндегі келісім шартқа қол қою екіжақты қарым-қатынасты күшейтуде айрықша маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, мейман «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына тоқталып, ол біздің еліміздің ЭЫДҰ-ның стандарттарына сай болуына жол ашатынын атап өтті. М.Рюттенің пікірінше әсіресе, ауылшаруашылығы, шағын және орта бизнес, мұнай-газ салалары әріптестікті дамытудың басым бағыттары болмақ.
Кездесу барысында парламентаралық ынтымақтастық жайы да назардан тыс қалмады. Мәжіліс Төрағасы Елбасының 5 институционалды реформаларын заңнамалық қамтамасыз ету жолындағы ауқымды жұмыстармен таныстыра келіп, парламентаралық қатынасты күшейту мақсатында Нидерланд Парламентінің басшысын ресми сапармен Қазақстанға келуге шақырды.
-
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
COVID-19: «Sinovac» вакцинасының тиімділігі -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы -
Hayat Vax вакцинасы: тиімділігі мен қауіпсіздігі -
Отандық QazVac вакцинасы қаншалықты тиімді -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі