• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үшаралда Алакөл көлінің жағасына туристерді тасымалдау үшін әуежай салу жоспарлануда

Үшаралда Алакөл көлінің жағасына туристерді тасымалдау үшін әуежай салу жоспарлануда

2 Желтоқсан, 2015 16:49
Алматы облысында Алакөл көлінің жағасына туристерді тасымалдау үшін әуежай салу жоспарлануда, деді облыс әкімі Амандық Баталов ОКҚ-да.

«Келер жылы Елбасының тапсырмасымен  Үшарал қаласында әуежай салуды жоспарлап отырмыз. Ол жерден туристер Алакөл жағалауына жеткізіледі», - деді әкім.

Сондай-ақ, облыста «Алматы-Достық» темiржол байланысы ұйымдастырылған және облыс басшысы мәлiм еткендей, бұл байланыс алматылықтардың тарапынан үлкен сұранысқа ие болған.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алдағы уақытта Үшарал қаласында әуежай салу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа бүгiнде 3 гектар жер бөлiнiп қойды. Бұл демалушыларды тасымалдауды айтарлықтай оңтайландырады. Осы аталған шаралардың арқасында биылғы жылдың өзiнде-ақ Алакөл және Балқаш көлдерiнiң жағалауларында демалушылар саны шамамен 1,5 есеге артқан», - деп мәлiмдедi облыс басшысы.

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар