• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылы Алакөл мен Балхаш жағалауында демалушылар саны 138 мың адамға дейін артты

2015 жылы Алакөл мен Балхаш жағалауында демалушылар саны 138 мың адамға дейін артты

2 Желтоқсан, 2015 16:37
Ағымдағы жылы Алкөл көлінің жағалауында бес жұлдызды екі қонақ үйдің құрылысын жүргізуге инвесторлар тартылды. Сонымен, 2015 жылы Алакөл мен Балхаш жағалауында демалушылар саны 138 мың адамға немесе бір жарым есе артты, деп хабарлады Алматы облысының әкімі Амандық Батталов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Туризм саласында біз Алакөл мен Балхаш көлдерінің жағалауында белсенді жұмыс істей бастадық. Алакөл көленінің ірі инвесторларына жер, инфрақұрылым мәселесімен көмектестік, енді бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы жалғасуда және тағы біреуінің құрылсы енді басталды», - деп мәлімдеді ол.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, демалу базаларына 94 км электр желісі тартылды, бұл мақсатта 600 млн теңге бөлінді. Бұдан басқа, Балхаш өзеніне дейін 141 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті.  

Айта кетерлік жайт, бүгінде Алматы облысында 554 туристерді қабылдау нысаны жұмыс істейді. Ағымдағы жылы екі бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысын жүргізуге ірі инвесторлар -  «AQUAMARINE resort», «Falcon Petroleum» компаниялары тартылды. 2015 жылы Алакөл мен Балхаш жағалауында демалушылар саны 138 мың адамға дейін артты.  

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар