• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық тікелей инвестициялар қоры елімізде астықты өңдеуге 10 млн долл астам қаржы құяды

Қазақстандық тікелей инвестициялар қоры елімізде астықты өңдеуге 10 млн долл астам қаржы құяды

2 Желтоқсан, 2015 19:34
Kazakhstan Growth Fund тікелей инвестициялар қоры астықты өңдеумен шұғылданатын KazGrain компаниялар тобына 10 миллион АҚШ долларынан астам қаржы салады, деп хабарлады «Бәйтерек» холдингі.

Естеріңізге сала кетейік, KazGrain компаниялар тобы агроөнеркәсіптік секторда өсудің үлкен әлеуеті бар және өңірдің экономикасы үшін стратегиялық мәні бар жас, дамып келе жатқан бизнес болып табылады. Оның негізгі өндірістік активтері (элеваторлар, өндірістік корпустар, дайын өнімді шығару бойынша желілер) Қазақстан аумағында, сондай-ақ Қырғыз Республикасы аумағында орналасқан. Кәсіпорынның негізгі қызметі – бұл басты қажетті азық-түлік өнімдерін: «Әлия» және «Элине» сауда маркаларымен жоғары сапалы ұнды және макарон өнімдерін өндіру және өткізу, сондай-ақ қазақстандық бидайды сатып алу, сақтау және оның экспорты. Сауданың географиясы қазіргі сәтке жақын және алыс шетелдің нарығына стратегиялық шығумен, Қырғыз Республикасының және Орта Азияның өзге елдерін қамтиды.

«Қазіргі кезде, мемлекет жүргізіп отырған аграрлық саясаттың шеңберінде, сондай-ақ барлық қоғамның азық-түлік қауіпсіздігіне назардың артуына байланысты, инвесторлар үшін Қазақстандағы ауылшаруашылық компаниялары үлкен қызығушылық туғызып отыр. KGF қорының инвестициялары KazGrain компаниялар тобының қызметін әрі қарай кеңейтуге, шетелден озық технологияларды тартуға, Орта Азия елдерінің нарықтарында көшбасшылық орындарға қол жеткізуге бағытталатын болады», - деді ADM Capital басқарушы директоры Әділ Өсжігіт.

Өз кезегінде, KazGrain компаниялар тобының өкілі Данышбек Құрманбеков: «Қордың инвестициялары есебінен Компаниялар тобы қолданыстағы элеваторларға бидайды сатып алуды, істегі өндірісті әрі қарай жандандыруды, сондай-ақ шығарылатын өнімнің: ұлттық кеспенің, кондитерлік өнімдердің және құрама азықтың түр-түрін кеңейтуді жүзеге асырады, бұл компанияларға бидайды едәуір толық өңдеуге мүмкіндік туғызады. Бұдан басқа, дайын өніммен Қазақстанның және алыс шетелдер (Қытай, БАӘ, Моңғолия, Ауғанстан және т.б.) нарықтарына шығу болжанып отыр», - деп атап өтті.

Барлық жаңалықтар