Алматы облысында 2015 жылы ЖҚЖК-2020 жүзеге асыруға 3,5 млрд теңге бөлінді

2 Желтоқсан, 2015 16:01
Алматы облысында 2015 жылы ЖҚЖК-2020 жүзеге асыруға 3,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Алматы облысының әкімі Амандық Батталов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының үш бағытын жүзеге асыруға 3,5 млрд теңге бөлінді, 609 адам 1,3 млрд теңгені микронесиеге алды, өткен жылы бұл сома 3 млн теңге ғана болатын. Ағымдағы жылы несиелендіру 1 млрд теңгеге ұлғайтылды», - деп мәлімдеді ол. 

Айта өтейік, 2015 жылы Кешенді жоспар аясында 32,7 мың адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 4,3 мың адам ЖҚЖК-2020 бағдарламасының қатысушысы, өзге бағдарламаларға 2,8 мың адам тартылды. Олардың ішінде 63,6 % (20,8 мың адам) тұрақты жұмыспен қамтылды.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар