• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Баталов: Жыл соңына дейін Алматы облысына құйылған инвестиция көлемі 465 млрд теңгені құрайды

А.Баталов: Жыл соңына дейін Алматы облысына құйылған инвестиция көлемі 465 млрд теңгені құрайды

2 Желтоқсан, 2015 15:13
2015 жылдың 10 айы бойынша Алматы облысының негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 396,3 млрд теңгені құрады, ол 8,4 пайыз өсіммен есептелген. Жыл соңына дейін Алматы облысына құйылған инвестиция көлемі 465 млрд теңгені құрайды, деді облыс әкімі Амандық Баталов ОКҚ-дағы брифингте.

«Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» аясында біз жұмыс басына инвестиция тартуды алға қойдық. Бүгінде облысқа 396 млрд теңге инвестиция тартылды, жыл соңында ол 465 млрд теңгені құрайды», - деді әкім.

Отандық бизнестің үздік өкілдерімен кездесу барысында 532 млрд теңгенің 75 инвестициялық жобасы жүзеге асырылады. 9912 жұмыс орны ашылады. Биыл олардың 8,1 млрд теңгеге 8 жобасы жүзеге асырылуда. 644 жұмыс орны ашылады.

«Бүгінде отандық кәсіпкерлердің 140 ұсынысы қабылданды, оның 75 жобасы яғни 532 млрд теңгеге асырылды», - деді әкім.

Айта кетерлігі, инвестицияның негізгі көлемі – 294,7 млрд теңге немесе 74,4 пайызы бюджеттік емес қаржыға жүзеге асырылды. «Қорғас» ЕАЭ құрылысы, «Алматы-Талдықорған» газ құбырының магистралі, «Алматы-Қапшағай – Өскемен, Алматы-Қорғас» автожолдары жүзеге асырылуда.  

Индира Кауметова

 

 

 

Барлық жаңалықтар