• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е. Капель: Ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламасы 30 пайызға ғана жүзеге асты

Е. Капель: Ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламасы 30 пайызға ғана жүзеге асты

6 Қараша, 2013 17:28
Мәжілістің пленарлық отырысында ҚР-ның Премьер-Министріне «Нұр Отан » партиясының фракциялық депутаты Егор Капель депутаттық сауал жасады. Бұл жөнінде Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Депутаттық сауалда, Е.Капель және Ж. Дүйсебаевтардың   ұсынысы  ауылдық аймақтарды дамыту  бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталды.

«Ауылдық аймақтарды дамыту  бағдарламасын жүзеге асыруды   Өңірлік даму министрлігі  баяу атқаруда . Сондай-ақ, бұл жоба толық зеррттеліп, сарапталмай жатып бүгінде   өзге жаңа бағдарламалар қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, еліміздің Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұндай кірістің мүмкін еместігін атап өтті.»-деді Е. Капель.

Халық қалаулысының сөзіне қарағанда, ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламасы  30 пайызға ғана  жүзеге асқан.

«Біздің пікірімізше, Үкімет  және Өңірлік даму министрлігі аталған бағыттағы нақты атқарылар істі және тәсілдерді пайдалану жөніндегі мемлекет басшысының атап көрсеткен маңызды тапсырмасын нақты айқындай алмауында болып отыр»,- атап өтті Е.Капель.  

 

Барлық жаңалықтар