Алматы облысында ИИДМБ аясында жаңадан 450-ден астам жұмыс орны ашылды

2 Желтоқсан, 2015 14:51
Алматы облысында Индустрияландыру картасы аясында 2015 жылы жалпы сомасы 7,5 млрд теңгеге 5 жоба пайдаланылуға беріліп, жаңадан 450-ден астам жұмыс орны ашылды, деп хабарлады Алматы облысының әкімі Амандық Батталов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Алматы облысында Индустрияландыру картасы аясында 2015 жылы жалпы сомасы 7,5 млрд теңгеге 5 жоба пайдаланылуға беріліп, жаңадан 459 жұмыс орны ашылды.  2010 жылдан бастап олармен 117,6 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 10,5 млрд теңгенің салығы төленді», - деп мәлімдеді әкім.

Сонымен қатар үш индустриалды және екі өндірістік аймақты толықтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұдан басқа, өндірістік кәсіпорындарды орналасатыру бойынша 477 га жерге  11 өндірістік алаң құрылуда. Аймақта жүйені қалыптастыратын 15 кәсіпорын жұмыс істеуде, олар жалпы өндірілетін өндірістік өнімнің 47% қамтамасыз етеді. Сонымен, 2015 жылдың қаңтар-қазан айында 455,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді, ал физикалық көлем индексі 104,5% құрады.

Айта кетерлік жайт, өңірде 1006 өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 88 ірі және орташа болып табылады. Жалпы бұл салада 65,3 мың адам нәпәқасын табуда.

Қайта өңдеу саласы аймақтағы жалпы өндірістің 83% алып отыр, оның ішінде  53%-ы тамақ өндірісіне, 20%-ы темекі өндірісіне, тағы  9,2% құрылыс материалдары өндірісіне тиесілі.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар