ҚТЖ компанияның 2025 жылдарға дейінгі Даму стратегиясын бекітті

2 Желтоқсан, 2015 20:09
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ автивтерін басқару жөніндегі бас директоры Нұржан Байдәулетовтің басқаруымен өткізілген «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Директорлары кеңесінің кезектен тыс отырысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның компаниялары тобын дамытудың 2025 жылдарға дейінгі стратегиялық даму жоспары бекітілді, деп хабарлады ҚТЖ.

Стратегияда жүк және жолаушылар тасымалын, инфрақұрылымды және көліктік-логистикалық компанияларды  жасақтау шаралары, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялары тобын дамытудың 2025 жылдарға дейінгі жайы көрсетілген.

Аталмыш маңызды құжатты жүзеге асыру «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялары тобын дамытудың нәтижелілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2016-2020 жылдарға дейінгі дамуының теңге тұрақсыздығына қатысты түзетуден өткізілген нұсқасы бекітілді.

Директорлар кеңесінің тағы бір шешімімен Бір ғана акционерінің акциясын сатып алу басымдықты құқығымен бұрын жарияланған акциялары санына қатысты  «ҚТЖ» ҰК» АҚ 27 000 (жиырма жеті мың) қарапайым акцияларының әрқайсысын 86021 (сексен алты мың жиырма бір) теңгеден орналастырды.

Оның сыртында, қолданыстағы несиелік келісімге сәйкес «Ақтөбе қаласындағы қуаты жылына 430 мың тонна прокат шығаратын рельс арқалығы зауыты»   жобасын қаржыландыруды теңгемен есептеу туралы шешім қабылдады.  

 

 

 

Барлық жаңалықтар