- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Бразилия депутаттары парламентаралық ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан мен Бразилия депутаттары парламентаралық ынтымақтастықты талқылады
Бразилия Федеративтік Республикасы Ұлттық Конгрессі Депутаттар Палатасынан келген әріптесіне қазақстандық парламентші жер шалғай болғанымен – көңіл жақын, екі ел арасындығы, оның ішінде парламенттер аралық қатынастардың жоғары деңгейде екендігін атап өтті. Егер Бразилия Қазақстанға еркін визалық тәртіп енгізсе, екі ел арасындағы инвестициялық байланыстарға да жол ашылатын болады.
Тараптар экономикалық өзара ынтымақтастық жолдарын талқылай келе қалпына келетін энергия көздерінің маңызына тоқталды. Соған байланысты меймандар өздерін «Болашақтың энергиясы» тақырыбында өтетін Қазақстан-2017 ЭКСПО көрмесіне шақырғандықтарына ризашылық білдірді.
Мәжілістің комитет хатшысы Бразилияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелікке және де ДСҰ-на өтуде еліміздің кандидатурасын қолдағаны үшін алғысын білдіріп, 2018 жылы Астанада өтетін әлемдік діндердің VI құрылтайына Бразилияның да қатысуынан үмітті екендіктерін жеткізді.
Қазақстанның бейбіт бастамаларын атай отырып, бразилиялықтар ұлтаралық келісім мен ел іргесін мықты ұстап отырғандықтарын бағалады. Екі жақ депутаттарының ойлары бір жерден шығып, парламентаралық ынтымақтастық арқылы елдер арасындағы қарым-қатынастарды нығайта беретіндіктеріне сенім білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды