- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында екі білім беру нысаны пайдалануға берілді
Жамбыл облысында екі білім беру нысаны пайдалануға берілді
Тараз қаласында ашылған "Ертарғын" балабақшасының құны- 536 млн теңге. 280 орындық мекмепке дейінгі білім беру мекемесінің құрылысын «НұрТұрсын» ЖШС жүрген. Мекемеде 12 топ бөлмесі , оқу сыныбы, музыка, бейнелеу өнері залдары және басқа да тұрмыстық-қызметтік бөлмелер бар.
Тағы бір әлеуметтік нысан Меркі ауданы Тұрар Рысқұлов ауылдық округінде ашылды. Аталған жаңа мектеп құрылысының мердігері - «Нұржол Строй» ЖШС , құрылыс жұмыстары 2014-2015 жылдары ауысымды негізде жүргізілді. Мектеп құрылысына 498380,900 мың теңге қаржы жұмсалған. Мектеп заман талабына сай жарақтандырылған.
Айта кету керек, өңірде білім нысандарының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы осы мақсатқа 10,2 млрд теңге бөлінсе, биылғы жылы 7,4 млрд теңге бөлініп, 24 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 9 мектеп пен 4 балабақшаның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 11 білім нысанының (6 мектеп, 5 балабақша) құрылысы 2016 жылы аяқталмақ.
Бүгінде Жамбыл облысында 449 мектеп пен 420 балабақша жұмыс істейді. 2015-2016 оқу жылында облыстың 449 мектебінде 199 231 оқушы білім алса, ал 420 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 44 719 бала тәрбиеленуде.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері