Петропавлда 93 отбасы пәтерге ие болды

2 Желтоқсан, 2015 18:32
Петропавл қаласының «Береке» ықшам ауданында жас отбасыларына арналған 93 пәтерлiк тұрғын үй тапсырылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

СҚО әкiмi атынан қоныс иелерiн СҚО әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаров құттықтады.

«Сiздердi облыс әкiмi Ерiк Хамзаұлы Сұлтановтың атынан мемлекеттiк мереке — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiмен құттықтаймын. Осындай халқымыз үшiн аса маңызды күнi облыс орталығында 93 пәтерлi үйдiң құрылысын аяқтап, кiлттерiн табыс еткелi отырмыз. Бұл — «Қолжетiмдi тұрғын үй — 2020» мемлекеттiк бағдарламасы аясында өңiрiмiздiң жас отбасыларына арнайы салынған үйлердiң бiрi. Қоныстарыңыз құтты болсын! Әр шаңырақтан бақ-берекеге, қызық-қуаныш кетпесiн!»,-дедi Айдарбек Сейпелұлы.

Бес қабатты тұрғын-үйдiң бас мердiгерi «Основание» серiктестiгi құрылыс жұмыстарына өткен жылдың мамыр айында кiрiскен.

Жалпы 2015 жылы 124,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiледi. Жыл соңына дейiн тағы үш көппәтерлi үйдi тапсыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 100 орынға шақталған 2 жатақхана тапсырылады.

Бұдан басқа, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 126 және 72 пәтерлiк 2 тұрғын-үй құрылысын жүргiзiп жатыр. Сондай-ақ, компания Петропавл қаласында тағы да бес тұрғын үйдiң құрылысын бастауды жоспарлап отыр.

 

Барлық жаңалықтар